Халықаралық ауыл шаруашылығы нарқында соңғы жылдары айтарлықтай толқулар байқалып отыр. Бұл құбылыс мұнай бағасы шарықтап көтерілген тұста көміртекті отынды алмастыру үшін биологиялық жанармай пайда болған кезеңдегі «ұлы биоэтанол сілкінісінен» басталды. Алайда көптеген себептерге байланысты бұл жоба іске аспады. Ақырында өндірістің тоқырауы салдарынан негізгі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта орташа есеппен 33-35 пайызға құлдырап кетті. Бұл саланың қазіргі кезеңдегі жағдайын және негізгі әлемдік үрдістің қазақстандық ауыл шаруашылығы нарығына әсерін саралау үшін тереңірек шолу жасап көрелік.

Әмбебап дақылға  ізденіс
Сарапшылар 2014 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықты «баға айырмасын іздеу» кезеңі деп атайды. Анығында бұл орайдағы негізгі ықпал етуші фактор  халықаралық валюта нарығындағы толқуларға байланысты.  Жергілікті валюта бағамын, сонымен бірге жергілікті жерде өндірілген тауар бағасын реттеу сауда айналымына айтарлықтай әсер етті.   
Әр елдің тауар өндірушілері бұл жағдайда әр түрлі әрекет етті. Өндірісі тұрақты, тауар сұрыптары мол, технологиялық мүмкіншіліктері жоғары кәсіпорындарда логистика мамандары нарық саудасына баса көңіл бөліп, әлеуетті тұтынушылармен әріптестікті нығайта отырып сауда еркіндігінен пайда табуды көздеді.    
Дамушы елдер нарықтағы ұсыныстарын кеңейтіп, күрт өсу жолына түсті. Олар біріншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнын бұрынғыдан да төмендетті. Екіншіден, ықпал ету бағытын өзгертті. Үшіншіден олар   тиімді баға айырмасына жоғары өнімділіктің арқасында қол жеткізді. Оның үстіне олар барлық қаржылық қиындықтарды шешуге мүмкіндік беретін «әмбебап дақылды» іздеумен айналысты. 
Қазақстанға келсек, алдын ала айтарымыз, жалпы алғанда агроөндіріс кешенін әртараптандыру біздің елімізде сәтті өтті деуге болады.  Бүгінгі күннің өзінде өндірісті қарқындандыру ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырудың маңызды кілті болып қалатыны анық көрініп отыр.  Бұл үрдістің дамуына өсімдік шаруашылығына қатысты мемлекет саясаты оң ықпал етті.   
Шамамен 2005 жылдан бастап үкімет деңгейінде бидай дара дақылдылығынан егістікті әртараптандыруға көшу туралы сөз бола бастады.   Бұл әңгімелер бірнеше жылдан соң егістік айналымына майлы және басқа да маңызды дақылдарды енгізуге мүдделі фермерлерге нақты қолдау көрсетуге ұласты.  2011 жылдан бастап гектар басына көмекқаржы беріле бастады. Төмендегі кестеде біз бұл көмекқаржының әртараптандыру қарқынына қалай әсер еткенін көрсетеміз. Мұндағы S – тиісті дақылдың егістік көлемі, "норм" – көмекқаржы мөлшері.

Ақмола облысы 

Шығыс Қазақстан облысы

Қостанай облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Кестедегі деректерден шығатын қорытынды, көмекқаржы кей жағдайда өнімнің өзіндік құнын 50 пайызға дейін ақтағанымен, егіс құрылымын қалыптастыратын негізгі тетікке айналған жоқ.   Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында диқандар көмекқаржыны арзандату және әртараптандыруға, әкімшілік шаралардың қолданылуына қарамастан күнбағыс дара дақылынан қол үзіп кете алмады.  Ал Солтүстік Қазақстан облысында егістік көлемін кеңейту өздігінен, демеуқаржының әсерінсіз орын алды. Нәтижесінде диқандар ең жеңіл жолды таңдап, көп күш және қаржы жұмсауды қажет ететін рапстың орынына бейнеті аз, мол прайда түсіретін зығыр егуге көшті.  Мемлекет тарапынан қолданылған бірқатар шаралардың нәтижесінде егіс құрылымы өзгеріске ұшырады.  
Қазақстанның жалпы егіс алқабындағы майлы дақылдардың үлесі, мың га 


Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені үшін тағы бір маңызды оқиға болды.  2006-2007 жылдары жерді аймақтандыруға қатысты, және ең бастысы, жерді жалға беру хұқын реттейтін жер туралы заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілді.  Бұл өзгерістер мемлекет тарапынан жер қатынастары алдағы уақытта қандай ережелер бойынша реттелетінін түсіну үшін маңызды.  Сол жылдары «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заң толық күшіне енді. Заңда көмекқаржының ұзын тізімі келтірілген болатын. 
2006 жылы «КазАгро» холдингі өз жұмысын бастады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығына бағытталған инвестиция тұрақты түрде өсті.  2007-2008 жылдары  130-144 пайызды құрайтын ең жоғары жылдық өсім тіркелді.
Ауыл шаруашылығына бағытталған инвестиция барысы


Өзінің хұқы, жеңілдіктер түрлерімен жете танысып, Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінен бергі ең тиімді бағаны пайдаланған диқандар өз өндірістерін қарқындатып, әртараптандыруға нақты мүмкіндік алды. 
Әртараптандыру кезеңдері 
Біз әңгімелеп отырған өсу кезеңі басталғанға дейін майлы дақылдар құрылымында кеңестік жоспарлы экономика кезінен бері егіліп келе жатқан күнбағыс және мақсырдың үлесі басым болды. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік саясатына сәйкес мұндай егістіктер кейбір аймақтар үшін дара дақылды деп танылып, кезінде олардың көлемін әкімшілік жолмен қысқарту жоспарланған еді. Алайда диқандар саланың технологиялық негізін нығайтып, мол тәжірибе жинап алған соң ақырында өндірісті пайдалы салаға айналдырды. 

Негізгі майлы дақылдардың егістік құрылымы, мың га 

Алайда пайыздық арақатынаста күнбағысты басқа дақыл ығыстырып шығарды:

Егістік құрылымы гектармен көрсетілген бірінші кестеге қайта оралып қарасақ, жоғарыда айтқандарымызды растайтын деректерді табамыз: Диқандардың қаржылық жағадайының жақсаруы оларға техникалық жабдықталуын жақсартып жаңа дақылдарды тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді (кестеде 2007-2008 жылдардағы серпінді өсу байқалады).
1. Көмекқаржының маңызы 
2009 жылы жалпы егіс көлемі тағы да айтарлықтай өсті, ал 2010 жылы гектар басына көмекқаржы енгізілді. Бұдан шығатын қорытынды: майлы және басқа да маңызды дақылдар үшін көмекқаржының енгізілуінің өзі көптеген диқандардың майлы дақылдарға бетбұрыс жасауына ықпал еткен елеулі қосымша серпін болды. Сонымен бірге, әртараптандыру барысында жанама түрде өнім сұрыптарын молайтуға оң ықпал еткенімен маңызды майлы дақылдар өсіруді реттеу шаралары барынша жоғары нәтиже берген жоқ. Көбінесе бұған нарық жағдайы себеп болды. Мұның айқын дәлелі 10 жыл ішінде Қазақстандағы майлы зығыр дақылының егістік көлемінің 100 есеге ұлғайуы болса керек. 
Солтүстік Қазақстан облысында шашақты зығыр егістігі көлемі мен гектар басына көмекқаржы мөлшерінің  арақатынасы  


Көріп тұрғанымыздай, рапстың бір гектарына берілетін 12 мың теңге көлеміндегі көмекқаржының өзі (ол кезде мұндай қаржы көлемі өнімнің өзіндік құнының үштен бірінен жоғары болатын) диқандарды майлы дақыл егістігін ұлғайтуға көндіре алмады. Керісінше, көмекқаржының гектарына 400 теңгеге дейін төмендеуіне қарамастан зығыр егістігі көлемі өсе берді. 
2017 жылы майлы дақыл өңдеу кәсіпорындарына тапсырылған өнімнің әр тоннасына тауарлық көмекқаржы берілуі майлы дақылдарға қызығушылықтың артуына түрткі болды. Бірақ негізінен диқандар тарапынан емес, өңдеушілер тарапынан. Олар іс жүзінде бұл көмекқаржыны сатып алу бағасын белгілеген кезде әртүрлі желеумен алып отырды.
Көмекқаржы тақырыбын аяқтамас бұрын тауарлық көмекқаржының нарыққа әсеріне көз салайық. Ескерте кетейік, көмекқаржы өсімдік майын ішкі тұтыну нарығындағы теңсіздіктерді жою мақсатында енгізілген болатын. Көмекқаржы бастамашыларының айтуынша, сол кезде қазақстандықтар тұтынатын өсімдік майының 40 пайыздан астамы сырттан әкелінетін. Бастамашылар өңдеу кәсіпорындарына тапсырылатын шикізат үшін көмекқаржы беру арқылы осы тәуелділіктен құтылып, сауда теңсіздігін  қысқартуға үміт артты .
2017 жылы жалпы алғанда өңдеу кәсіпорындарына тапсырылған 2 794,1 млн тенгелік майлы дақыл тұқымының  349,6 мың тоннасына (жиналған жалпы өнімнің 17,3 пайызына) көмекқаржы берілді.

Бұл науқанның нәтижесі кестеден анық көрінеді:
Өсімдік майын өндіру мен импорттың салыстырмалы сараптамасы, мың тонна 

Бұл ретте біз «таза өнім» деген терминді қолданып отырмыз. Ол сыртқа шығаруды есептемегендегі өндірілген өнім көлемі. Қорытындысында, сыртқы нарыққа шығарылған  өнімді есептемесек сырттан әкелінген май өнімі үш жылда    37,1 пайызға, ал 2017 жылы 40,4% пайызға артқан. Басқаша айтсақ, тауарлық көмекқаржы импорт көлемін төмендетпесе де, май өңдеу кәсіпорындарының өз өнімін экспорттауға деген құлшынысын арттырды. Олар өнімдерін шетелге сату ауқымын айтарлықтай кеңейтті. Мұны төмендегі кестеден көруге болады  :

Май өнімдерінің барлық түрін экспорттау барысы, мың тонна


2. Нарық жағдайы
Бұдан бұрын айтылғандай, қай кезде болмасын әртараптандыруға ықпал ететін басты себеп нарықтағы жағдай. Бұл түсінікті де. Қазақстаннан көш ілгері дамыған елдердің тәжірибесі де осыны дәлелдеп отыр.    
2010 жылдың ортасынан «брент» таңбалы мұнай бағасы төңірегінде ұзаққа созылған жарыс басталды. 2008 жылғы шарықтау мен құлдыраудан айырмашылығы, бұл жолы баға ұдайы өсіп отрыды. Мұнай бағасы биологиялық жанармай бағасымен теңесіп қалды. Бұл биологиялық жанармай шығаруды күрт арттыруға себеп болды. Дәстүрлі өндіріс көшбасшылары саналатын Еуропалық Одақ елдері этанолдың 80 пайызын рапстан алады. Жалғаспа ықпалмен рапс бағасы барлық нарықта шарықтап көтерілді. Бұл басқа да майлы дақыл өндірушілерді ынталандырды. Осының жаңғырығы Қазақстанға да жетіп рапстың бір тоннасының бағасы бұрын-соңды болмаған 500 долларға жетті. 


Ал распс өндірудің өзіндік құны гектарынан 9 центнерден орташа ғана өнім алынған 2011 жылдың өзінде бір тоннасы 150 доллар болғанын ескерсек бұл дақылдың бір тоннасының өндіріс тиімділігі   200 пайызға жетті. Басқа майлы дақылдар бағасы да салыстырып қарағанда осы межеден алшақ кеткен жоқ. 
Әрине, мұндай жағдай майлы дақылдарға қызығушылықты арттырды.  Және бұл үстірт қызығушылық емес, диқандарды егістікті әртараптандыруға ден қойып, әр түрлі дақылдарды өндіру технологиясын жете зерттеуге ынталандырған қызығушылық еді.       
2011 жылы күнбағыстың майлы дақылдар егістігіндегі үлесі 52 пайызға жетті, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 42 пайызға дейін төмендеп кетті. Бидай дақылының егістігін қысқарту өте баяу жүргенмен майлы дақылдарды әртараптандыру толық қарқын алды.   
Салалы аймақтар
Дегенмен, пайымдап қарағанда әртараптандыру Қазақстанда сәтті өтті деуге болады. Майлы дақылдар бағасы біршама тұрақты болған соңғы үш жыл  диқандарға дақыл өсірудің экономикалық тиімділігін есептеп, жақсы сұрыптарды, химикаттарды анықтауға мүмкіндік берді. Бүгін тек топырағында минералдық зат қоры аз аймақтарда ғана майлы дақылдар өсірілмейді. Ал жасымық дақылы бағасының төмендеп кетуіне қарамастан егістік айналымынан шыққан жоқ. Бұл диқандардың ұрық алмастыру үшін бұршақ дақылдастар маңызды екенін түсінгенін көрсетеді.     
Өткен 15 жылды тәжірибе кезеңі деуге болады. Көбіне ол сәтті өтті. Соның нәтижесінде әр дақыл бойынша біз салалы аймақтар деп атайтын өңірлер анықталды. 
Төменде біз әр дақыл бойынша өндіріс құрылымын жалпы өнім көлемі тұрғысынан қарастырамыз, өйткені біздің ойымызша өнім көлемі барынша дәл көрсеткіш болып есептеледі.  
Бұршақ дақылдастарды өсіруде елдегі осы дақыл өнімінің 96,7 пайызын өндіретін Алматы облысының алда тұрғаны талас тудырмайды.  


Қытайбұршақты астық өндіруші аймақтарда да өсіру ұмтылысы бар, бірақ мұндай шаруашылықтар санаулы ғана. Қытайбұршақ өсіруде ең үлкен жетістікке жетіп отырған, дәлірек айтқанда, ең зор құлшыныс танытып отырған өңір Шығыс Қазақстан облысы.   
Жылуды сүйетін мақсыр егістігінің 80 пайыздан астамы Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының үлесінде. Ал майлы дақылдастарды өсіру көлемінен алда келе жатқан Солтүстік Қазақстан облысы мақсырдан түбегейлі бас тартты. Бірақ ішкі нарықта да, Қытай тарапынан да мақсырға деген жоғары сұраныс бұл дақылдың егістік көлемі алдағы уақытта өзге өңірлерде де ұлғаяды деген ойға жетелейді.   

Күнбағыстың 55 пайызын Шығыс Қазақстан облысы өндіреді. Бұған дейін осы дақылдың  18 пайызын өсіретін қостанайлықтар екінші орында тұрған еді. Бірақ  2017 жылы оларды павлодарлықтар ығыстырып шығарды. Ауа райы жағдайына тәуелді болуына қарамастан павлодарлықтар технологияны едәуір жетілдіріп, бүгін нарықта танымал болып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында күнбағыс май өндіретін кәсіпорындардың қажетіне қарай кей жағдайда ғана өсіріледі. 
Солтүстік Қазақстан облысында зығырдың 55,5 пайызы өндіріледі. Қостанай, Ақмола диқандары да артта қалып отырған жоқ. 


Солтүстік Қазақстан облысы рапстың үштен бірін (77%) өсіреді. Басқа өңірледе, өздері сұрыптаумен айналысатын Шығыс Қазақстан облысын айтпағанда, өсім байқалмайды.


Қорытындылай келе, майлы дақылдар бойынша облыстардың алар орынын бағаласақ, қаратопырақты Солтүстік Қазақстан және Қазақстанда майлы дақыл өндірудің бастамашысы қоңыр топырақты Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Олардың ізін басып Ақмола, Қостанай облыстары келеді, бірақ соңғы екі маусым бойы оларда төмендеу байқалады. Тағы бір айтарлығы, алдыңғы екі облыста ғана егістік көлемі ұдайы ұлғайып келеді.      Шығыс Қазақстан облысы егістік көлемін айқындаған сияқты, Солтүстік Қазақстан облысы да егістікті ұлғайтуға ұмтылғанмен ауа райы жағдайы қиындық тудырады. Соңғы уақытқа дейін Павлодар облысында іс өрге баспай тұр еді. Алайда 2015 жылдың нәтижесі диқандарды жігерлендірді. 

Облыстар бойынша дәнді дақылдардың жалпы түсімі, мың тонна 


Келесі шолуда біз Қазақстанды шартты түрде солтүстік, шығыс, оңтүстк, орталық аймақтарға бөліп,  әр өңірде майлы дақылдар өсіру ерекшелігіне жекелей тоқталамыз. 

Виктор АСЛАНОВ,
«Дәнді және Майлы дақылдар. Қазақстан» зерттеу орталығы  

 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз