Бизнес-жоспар – өз ісіңді бастауға жасаған алғашқы қадам, ашылуы жоспарланып отырған балық шаруашылығындағы негізгі құжат. Мамандар бұл саладағы озық тәжірибелермен бөлісіп, балық өсірудің бірнеше нұсқаларын ұсынады: су алаптарында, көлде, тоғанның бір саласында немесе арнайы торда. Таңдау сіздің еркіңізде.

Қазақстанның 2018 жылға дейінгі Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасында көрсетілген, тауарлық балық өсіру саласындағы болашағы бар бағыттар көлде, тоғанда өсіру және индустриалды балық шаруашылығы. Бірақ, алдымен балық кәсіпорнын ашу кезіндегі өндірістік процесстің технологиялық үлгісін жасау қажет, қаржы ағымын, арнайы технологиялық мен механикалық жабдықтардың бар-жоғын, қаншалықты қажеттігін, оның потенциалды орындаушыларын анықтап, бәрінің қосымша балама жолдарын да қарастырып қою қажет.

Ең бірінші істің мәнін анықтап алған дұрыс. Бұл балық шаруашылығында өндірістің қай түрін жүзеге асыруды жоспарланғанын анықтау болып саналады. Бизнесті дамытуға үшін бастаған істі ашу идеясы барынша қарапайым болуы шарт. Барлық жағдайда да технологиялық процесстерден, ойда жоспарланған қаржы айналымынан, қажетті техникалар мен түрлі жабдықтарыдың саны бағасынан, өндірістің әр кезеңінде жұмыс істейтін жұмысшылар санынан және коммерциялық қызметтен толығымен хабардар болу қажет.

Бұл жерде жұмыстың өндірістік және маркетингтік тармақтарын бөлек есептеп отыру қажет, яғни өндіріске және тауарды сатуға кететін қаражаттың есебін алдын-ала білген дұрыс

Агробизнестің алғышарттарын: техникамен жұмы істей білуі, адамдардың тілін табуы, нарықтағы өзгерістерден хабардар болып, қажетті шешімдер қабылдай білу қабілеттерінің де маңызы зор. Егер ондай қабілетіңіз болмаса, қарапайым қызметте, яғни қатардағы балықшы немесе механизатор болып бастап үйрену сияқты бірнеше жолдары бар.

Жиі кездесетін жағдайларға шолу жасап көрейік.

1-жағдай:

Агробизнеспен айналысушы субьектіжекеменшігіндегісу қоймасы бар жерде көл-балық шаруашылығын ашқысы келеді.

Су қоймасын көл-балық шаруашылығы мақсатында қолданудың бірнеше технологиялық жолы белгілі.

Біріншісі, "суға балықты жіберу– аулау". Бұл – ең қарапайым тәсіл. Кететін шығын –тауарлық балық ретінде аулап сатуға ыңғайлы балықтың қымбат түрлерінің шабақтары. Бұл жағдайда қажетті заттардан көпболса тек таразы, моторлы жүкарба, аулауға керек жабдықтардан 1 керме ау және бекітілетін ау қажет. Маркетингі үшін ауланған балықтарды сататын көлік жетеді. Шығындар қатарына суға жіберілетін шабақтар, оның су қоймасына жеткізілуі, өндірістік заттардың амортизациялық шығыны, оларды жөндеуге кететін қаражат, кәсіпорынның дүниесі үшін төленетін салық түрлері, майлау материалдары үшін жанар-жағармай қосылуы тиіс.

Аталған жағдайға бірнеше қарапайым мысалдар келтірейік.

«Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің көл-балық шаруашылығының экономикалық тиімділігі бойынша жүргізген есебіне сәйкес, бұл тәсіл аталған балық шаруашылығын құруға кететін шығынды әрқашан ақтай бермейді. Егер әңгіме үлкен су қоймасы мен тауарлық сиг балықтары (рипус, пелядь, сиг) туралы болса, бұл тәсілдің өзін өзі ақтауы 10%, су қоймасының шартты аумағы 1300–га.Балық аулау науқаны маусым соңында жүреді, тауарлық пелядь базарға жаңа ауланған түрінде жетеді. Сондықтан да шаруашылыққа изометриялық контейнер – үйшігі бар ГАЗ-35071 автокөлігі қажет. Механикалық жабдықтарды қажет ететін ауыр жұмыс – балықты аулау. Ол үшін шаруашылыққа тіркемесі бар екі дөңгелекті трактор, балықтарды сүзетін ау түрлері, аспалы моторлы қайық, моторлы жүкарба керек.

Балық шаруашылығына қажетті құрылғылардан су сапасын бақылайтын термооксиметр және рН-метр керек. Ал құрал-саймандардан брезент тасығыштар (2 дана), торлы дорба (1 дана), қол шалғысы (1 дана), күрек (1 дана) болуы тиіс.

Егер аталған технологиялық тәсіл бойынша пелядь пен карп балықтарының тауарлық түрін өсірсе, оларды тек балық маусымының соңында аулау қажет, тауарлық пелядь базарға балғын, ал карп тірі қалпында түсуеді

Сондықтан, шаруашылықтар екі көліктен, бірі изометриялық контейнер-үйшігі бар ГАЗ-35071, бірі тірі балық салатын контейнері бар РК-4А көліктерін сатып алады.

350 га шартты аудандағы балықтың жалпы өсімі 120 кг/га болған жағдайда, тауарлық балық салмағы 42 т болуы тиіс, 35 т карп, 7 т пелядь. Мұнша балықты сату үшін карптыбазарға тірі жеткізу 50% көл-балық шаруашылығы есебінен, 50%-н серіктестер есебінен жүзеге асса, балық шаруашылығы 35000 х 0,5 = 17500 кг балықпен қамтамасыз етуі қажет. Сыйымдылығы 4,0 м3РК-4А балық контейнеріне күз маусымында 150 кг/м3 тірі балық сыяды, яғни 150 х 4 = 600 кг. Күнделікті сатылым үшін тірі балық салатын контейнері бар автокөлік 17500 : 600 = 30 күн қолданылады. Тауарлық пелядьті базарға шаруашылық есебінен жеткізу үшін, изметриялық контейнерге 2 т балық сыйса, автокөлік 4 күн қолданылады. Бұл жұмыста механикалық заттарды қолданыла отырып, атқарылатын ең қиын жұмыс балық ауын ілінген қатты шөп-шаламдардан тазарту. Ол үшін шаруашылыққа қамысшапқы, тіркемесі бар екі дөңгелекті трактор, балықтарды сүзетін ау түрлері, аспалы моторлы қайық, моторлы жүкарба керек.

Қазақстанның оңтүстік аймағындағы балық шаруашылығының тәжірибесінен байқағаным, көлдегі балықтың өсіп жетілуі үшін 60 күн қажет, балықшылар басқа маусымдарында тауарлық балықтарды аулап, оны базарға тасумен айналысады.

Бұл жұмыста механикалық заттарды қолданыла отырып, атқарылатын ең қиын жұмыс балық ауын ілінген қатты шөп-шаламдардан тазарту. Одан бөлек, гидротехникалық құрылғылардың жөндеу жұмыстарына арналған арнайы құрылыс техникасы қажет. Ол үшін шаруашылыққа қамысшапқы, тіркемесі бар екі дөңгелекті трактор, балықтарды сүзетін ау түрлері, аспалы моторлы қайық, моторлы жүкарба, бульдозер, экскаватор, ал балық шаруашылығына қажетті құрылғылардан су сапасын бақылайтын термооксиметр және рН-метр керек. Ал құрал-саймандардан брезент тасығыштар (2 дана), торлы дорба (1 дана), қол шалғысы (1 дана), күрек (1 дана) болуы тиіс.

Екінші технологиялық тәсіл–көлді балық шаруашылығына қолдану мақсатында көлді құнарландыру жұмыстарын жүргізу (судың құнарын арттыру, балықтарға жем беру). Су қоймасындағы балықтың өсімі мен түсімі суды құнарландыру жұмысына байланысты болғандықтан, механикалындыру жұмыстары да арта түспек. Балықты сататын жерге жеткізу үшін, әрқайсы тірі балық тасуға арналған РК-4А контейнерімен жабдықталған төрт ГАЗ-35071 автокөлігі қажет. Бұл жұмыста механикалық заттарды қолданыла отырып, атқарылатын ең қиын жұмыс балық ауын ілінген қатты шөп-шаламдардан тазарту, органикалық және механикалық тыңайтқыштарды көлдегі қажетті нүктелерге жеткізу, тыңайтқыштармен құнарландыру және балық аулау. Шаруашылыққа ол үшін қамысшапқы, тіркемесі бар екі дөңгелекті трактор, жемтаратқыш, тыңайту құрылғыларын қайта жабдықтаушылар, балықтарды сүзетін ау түрлері, аспалы моторлы қайық, моторлы жүкарба қажет. Көлді күзету және басқа да қызметшілерді орналастыру үшін шағын вагондар, автокөліктерге немесе микроавтобусқа тіркелген жабық фургондар да алынуы керек. Судың сапасын жедел тексеру үшін термооксиметр мен рН-метр қарастырылған. Ал құрал-саймандардан брезент тасығыштар (3дана), торлы дорба (2 дана), қол шалғысы (5 дана), күрек (5 дана) болуы тиіс. Механикалық жұмыстардың ауқымдылығы мен аулайтын балық мөлшерінің артуына байланысты бұл іске тәжірибелі әрі білікті механизатор мамандар мен балықшыларды тартқан дұрыс.

Бірінші технологиялық тәсіл бойынша көлдегі балық өсімінің деңгейі әдетте 200 кг/га болса, екінші тәсіл бойынша 250 – 300 кг/га-дан жоғары.

2-жағдай:

Агробизнеспен айналысуға ниетті субьект тауарлық балықты өзен арнада тоған балық шаруашылығы технологиясы бойынша өсіргісі келеді.

Бұл жағдайда өзен арналарында «ғимарат, құрылыс» тобына жататын бөгеттер болатынын ескергені жөн. Өндірістік шығынды есептеу кезінде бөгетті жөндеу жұмыстарына кететін қаражатты, оған салынатын салық көлемін де ұмытпауы тиіс. Сондықтан, тоғанда тауарлық балық өсімін арттыру үшін, маусымы келгенде қайта толатындай тоған болса, қыс кезінде одан суды ағызып отырған дұрыс. Тоған балық шаруашылығындағы балық өсімі әдетте 500 – 1000 кг/га-ды құрайды. Бұл жағдайда механикаландыру мен білікті мамандарға сұраныс арта түспек.

3-жағдай:

Агробизнеспен айналысатын субьект балықты табиғи су айдындарында құрылғын арнайы тор ішінде өсірігісі келеді.

Бұл жағдайда торда балық өсіру шаруашылықтары –қауіпті аймақ саналатынын есте ұстаған жөн. Өндірістік шығындардың есебіне су астына құрылатын торлардың құнын, оларды жөндеуге кететін қаражатты, оның салығын және қызметшілерді сақтандыру қызметін қосу қажет. Механикаландыру жұмыстары мен білікті мамандарға деген сұраныс тоған балық шаруашылығына қарағанда біршама жоғары болады.

Мұндай шаруашылықтар мен кешендердегі балық өсімі әдетте 5 – 20 кг/м3–ты құрайды. Алайда, балықтарды су астындағы торда өсіру ерекше құнарлы жемді қажет етеді. Оның бағасы да арзан емес.

4-жағдай:

Анробизнеспен айналысқысы келетін субьект балықты сумен тұйықтай жабдықталған су алаптарында өсіргісі келеді.

Сумен тұйықтай жабдықтау кешені жұмыс істеу үшін, электр энергиясы мен бағасы қымбат жасанды құнарлы жемге кететін шығын көп болады. Одан басқа, су алабы «ас суы» категориясына жататын сапалы мен сумен қамтамасыз етіліп, су сапасы қатаң тексеріліп, барлық процесс автоматикалық түрде басқарылып отыруы қажет.

СТЖ-кешендерінде тек нарықта қымбат бағаланатын тауарлық балықтарды (бекіре балықтары, алабалық, арқан балық) өсірген тиімді болын саналады

Балық өсіретін кәсіпорынның бизнес-жоспарын жасағанда төмендегідей бөлімдер болуы қажет:

Табиғи ортаны зерттеу нәтижелері және потенциалды балық өсімін анықтау (көл, көл түрлері, тоғандар, торлы балық шаруашылығы үшін су қоймаларының базасы);

Белгілі бір көл базасында (көл түрлері, тоғандар, торлы балық шаруашылығы үшін су қоймаларының базасы, су алабындағы балық шаруашылықытарының (СТЖ кешені) орны) балық шаруашылығын құруға биологиялық (техникалық-экономикалық) негіздеме. Биологиялық (техникалық-экономикалық) негіздемеде тауарлық балық өндірудің бірнеше технологиялық тәсілдері, ұсынылып отырған балық шаруашылығының экономикалық тиімділігінің есебі болуы шарт;

Қаржылық есепке сай техникалық жабдықтар мен механикалық құрылғылардың негіздемесі;

Жеке аудандар мен кәсіпорындардың аумағы мен сумен жабдықтау кестесінің негіздемесі;

Маркетингтік жоспар, материалдық заттардың және қаржы айналымы жоспары. Бұл жерде агробизнес субьектісінің толыққанды нарық мүшесі ретінде рационалды қабілеттерін көрсететін жағдаяттық ойындар сипаттамасын ұсынуға болады;

Бизнес-жоспарды Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамаларымен байланыстыра отырып жасау. Өкінішке қарай, Қазақстанда тауарлық балық шаруашылығын дамыту туралы заңнаманы жетілдіру қажет, іс жүзіндегі құқықтық база Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және қолдану» туралы Заңыменжәне 2012 жылдың 5 қыркүйегіндегі Үкіметтің №1141 «Балық шаруашылығы үшін су қоймаларын пайдалану және аквамәдениетті дамыту ережелері» қаулысымен, 2010 жылдың 6 cәуірінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Жануарлар әлемін пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау ережесі» бұйырығымен, ҚР Су кодексімен, ҚР Жер кодексімен, сонымен қатар ҚР Экологиялық кодексімен шектеледі. Қазақстанның табиғи су қоймаларына ол жерге таңсық балық түрлері мен су жануарларын жіберу мәселесі Қазақстан және басқа да елдер қол қойған биологиялық саналуандық Конвенциясында көрсетілген;

Балық шаруашылығы кәсіпорнындағы түрлі категориядағы қызметкерлер саны көрсетілген штат кестесі, олардың құқықтары қорғау мен әлеуметтік пакеттеріне қатысты іс-шаралар, жұмыста жарақат алған жағдайлар үшін қарастырылатын өтемақы, медициналық сақтандыру;

Жергілікті атқарушы органдардың балық шаруашылығын құруға келісім бергенін айғақтайтын құжаттар,

Ашылатын балық шаруашылығы кәсіпорнының SWOT талдамасы;

Бәсекелес шаруашылық жұмыстарының талдамасы, олармен қарым-қатынас жоспары;

Құрылатын балық шаруашылығы кәсіпорнының өзін ақтауы үшін салынатын қаржының болуы, сонымен қатар басқа да қаражат көздері;

Құрылатын балық шаруашылығы кәсіпорнындағы даму кезеңдерінің негіздемесі –бірінше кезеңде тауарлық балық және балық өнімдері нарығында орнығу, екінші кезеңде өндірістік және қардылық жағдайдық тұрақталуы, үшінші кезеңде өндірістік артуы, тұрақты тұтынушылар алғашқы тобының қалыптасуы, қаржы айналымының тұрақтануы және т.б.

Балық шаруашылығы кәсіпорнын ашуға арналған бизнес-жоспардыңбасқа да қырларын «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС, «ДНТ-консатинг» ЖШС-мен бірлесе жұмыс істеу арқылы білуге болады.

Қазақстанда тауарлық балық шаруашылығын дамыту – болашағы бар іс. Балық шаруашылығының табиғи су қоймаларындағы балықшылықтан ерекшелігі халықты жыл он екі ай бойы балықпен қамтамасыз етуге қабілеттілігінде

Балық – құрамы ақуыздар мен дәрумендерге, минералды заттарға бай тамақ. Оны тұрақты қолдану салауатты өмір салтын ұстануға септігін тигізеді. Біздің елімізде балық шаруашылығын дамыту импортқа тәуелділікті азайтып, Қазақстанның сатылым азық-түлік қауіпсіздігін арттырады.

Қуаныш ИСБЕКОВ,

балық шаруашылығы жөніндегі сарапшы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз