Құмар ойындарда жаңадан келгендердің жолы болады деп жиі айтады. Өкінішке орай, ара шаруашылығы сияқты ауыл шаруашылығының нәзік және арнайы білімді талап ететін саласына алғаш аяқ басқандарға бастапқы экономикалық білімсіз жол жабық. Біз сіздерге кәсіпті жаңа бастаған фермерлердің ең жиі кездесетін қателіктерінен қалай сақтану керектігі туралы әңгімелейміз.

Қанша табады – сонша тұрады

Мұнда ара шаруашылығын дамытудың бірегей құралдары емес, жалпы ауыл шаруашылығынжүргізудің негізгі қағидаттары баяндалады. Олар толықтай сақтаулуы тиіс, , олай болмаса ауыл шаруашылық бизнесінің негізгі ережелерін бұзу бүкіл модельдің қирауына әкеледі. Омарта жасауды неден бастау керек? Ең алдымен инвестицияның өзін ақтау кезеңін анықтаңыз - мысалы, бес жыл. Содан кейін сізде қанша жер, ара балұясы, жұмысшы, бастапқы қор, жабдықтар және тағы басқа қандай жағдайлар бар екенін негізге алып, ара шаруашылығының өнімдерінің және жылдық кірістің шамамен алынатын көлемін есептеңіз.

Әдетте Қазақстанда тиімді жұмыс істейтін бизнестің құны жыл сайынғы кірісінің көлеміне тең, яғни шартты түрде 100 миллион теңге табатын кәсіпорын шамамен сонша тұрады. Әрине, бағалаудың әртүрлі әдістері және әртүрлі жағдайлар бар. Мысалы, кәсіпкерде өте жақсы және үлкен шалғын болуы мүмкін, немесе, керісінше, аралардың гүлді өсімдіктерді іздеп табу жағы қиын болуы да мүмкін. Біз жалпылама жағдай туралы айтып отырмыз.

Осылайша, егер сіз бес жыл ішінде кеткен шығындардың орнын толтырғыңыз келсе, онда инвестицияларыңыз, соның ішінде несиелеріңіз, шамамен жылдық түсімге тең болуы тиіс, ал жылдық таза пайда түсімнің 20%-на дейін болуы керек. Сонда бұл пайда салған қаражатты қайтаруға және амортизация есебінен (негізгі қаражатты қалпына келтіруге бағытталған түсімнің бөлігі) бизнесті өтелу мерзімі аяқталғаннан кейін де жұмыс істей беретіндей жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Ағымдық шығындарға 10%-дық қор құрған жөн. Егер шаруашылығыңызға қосымша балұялар, омарта немесе техника қажет болса, онда қажет болғаннан бірнеше айға артық, мысалы, бір қыстан өту үшін қосымша қаражатыңыз болсын. Тәжірибелі фермерлердің бір жылға дейін бизнес жүргізуге қажетті қоры болады .

Бал өзені бірден пайда болмайды

Маңызды фактор: малдәрігерлік және фитосанитариялық шара бірінші кезекте тұруы тиіс. Кәсіпкерлер бизнесті бастағаннан кейін ара мен өсімдік аурулары себебінен оны жауып жатқан оқиғалар кездеседі. Егер сіздің қызметкерлер немесе келуші қонақтар кәдімгідей аяқ киімінің табанының астымен аурулар әкелетін болса жәндіктерге оңай ауру жұқтыруға болады.

Сондықтан, кез-келген омартаға кірерде аяқ-киімге арнайы ванналар жасайды, оларды ауыстыруға мәжбүрлейді, тіпті қызметкерлердің өзіне осындай жәндіктерді ұстауға тыйым салады. Сонымен қатар, мысалы, вирус жұққан емделмейтін араларды абайсызда сатып алуыңыз да мүмкін.

Қаржылық модельді субсидияларды есепке алмай құрған жөн, өйткені әдетте олар бонус ретінде жүреді. Сонымен қатар, субсидиялар – көлемі шектеулі қаражат, көбіне бәріне бірдей жетпейді. Сондықтан оларды алу үшін құжаттарды түгел рәсімдеуді туралы алдын-ала ойластырыңыз.

Банктер де бизнес жоспарларын әдетте субсидияларды ескермей қарастырады. Олар көбіне жер бонитеті 12 немесе 20-дан кем болмауы керек деп талап қояды. Сондай-ақ, барлық аграрлық шаруашылықтар сумен жабдықтауды қажет етеді, қол жетімділік шегінде құдықтар, ұңғымалар, арналар, өзендер және т.б. керек. Жер және су - ең маңызды ресурстар.

Бал өзен болып ағып әмияныңызды бірден толтырмайды. Сізді азықтандырғанға дейін бір немесе екі жылдай өзіңіздің ара бизнесіңізді өзіңіз азықтандыруға дайын болыңыз.

Міндет - сатып алушыларға жету

Маркетингке келетін болсақ, көптеген кәсіпті жаңа бастап жатқан ара өсірушілер кең тараған қате жібереді. Олар өте мұқият және үлкен қызығушылықпен мәселенің өндірістік жағымен - техника, технология, сұрыптар, т.б.-мен айналысады, бірақ өнімді ілгерілету туралы ұмытып кетеді. Алайда әлеуетті сатып алушыларға дейін жету, олардың ара өнімдерінің сапасына, өнім топтамасы көлеміне, жеткізу мерзімі, төлем шарттарына қоятын талаптарын анықтау керек.

Мысалы, өнімдерді сату кезінде малдәрігерлік және фитосанитарлық куәлендірмелер , экспорттау кезінде - шығу тегі туралы куәлендірмелер алу қажет. Содан соң инспекциялық компаниялардың куәлендірмелері (сапакуәлендірмесі , сапа паспорты, экспорттайтын елге байланысты халықаралық стандарттарды растау құжаттары) жиі қолданылады.

Егер мемлекеттік зертханалардан өнім сапасы жайлы куәлендірмені тегін алсаңыз, оларды сату кезінде бағасы әлдеқайда жоғары болады. Өйткені, көтерме сатып алушылар, әсіресе шетелдіктер үшін барлық технологиялық стандарттарды сақтау маңызды.

Сондай-ақ, аккредитивтер және кепілдіктер пайдаланыңыз, олар сізді қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізгенде алаяқтардан қорғайды (өнімді жеткізгенде төленбеуі ықтимал), бұл әсіресе шетелдік жаңа серіктестермен есептесу кезінде қажет. Жалпы алғанда, аккредитив былай жұмыс істейді: банк сатып алушыдан өніміңіздің құнына тең соманы алады, содан кейін банк осы соманы аккредитив шотына салып оқшаулап қояды, және тек сіз тауар жеткізуді растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана төлем жүргізеді.

Сондай-ақ, өндірістің түрлі кезеңінде кепілдіктер жүйесі қолданылады. Өндіру, тауарларды жеткізу және төлеу кезеңдерінде кепілдіктер беріледі. Аккредитивтер мен кепілдіктерді барлық ірі қазақстандық банктер ұсына алады.

Ғабит НҰРӘДІЛ,

ара шаруашылығы бойынша сарапшы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз