Ірі қара мал шаруашылығындағы негізгі өнім - бұзау Сондықтан, мал шаруашылығының басты міндеті - жыл сайын белгілі бір уақытта төл алу. Шаруа қожалықтарын тиімді ету үшін бұзау өндірісі кемінде 90% болу керек . Бұған қалай қол жеткізуге болады

Тауарлық етті мал шаруашылығын табысты жүргізу үшін барлығын мұқият жоспарлау қажет. Біріншіден, сиырлардың бұзаулау мерзімдерін анықтау қажет: олар нақты бір кезеңде өтуі тиіс (маусымы шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты таңдалады). Одан кейін шағылыстырылған маусымын сауаттылықпен санау қажет ( ұзақтығы 60 күнге жуық).

Бұзаулау

Бұзаулау 63 күнге жуық мерзімгежалғасады.

1 - 21 күн аралығында бұзаулау 63%

1 - 42 күн аралығында бұзаулау 88%

1 - 63 күн аралығында бұзаулау 95%

Бұзаудың өсуі және дамуы сиырдың сүттілігіне байланысты Бұл өз кезегінде жем қорының сапасына және жайылымның кеңдігіне байланысты. Өте маңызды: енесінен айырған бұзаулардың жоғары тірі салмаққа жетуі үшін, сиырлардың қоңы бұзаулауға дейін және бұзаулаудан кейін жақсы болуы қажет. Сонымен қоса, сиырларды

бұзаулағаннан кейін үйлесімді азықтандыру оның тез қалпына келуіне және әрі қарай сәтті ұрықтануына мүмкіндік береді.

Бұзауды аналығынан айыруды туғаннан бастап 200 күнге толу жасында жүргізген абзал. Егер сиырда ортадан төмен қоңдылық байқалатын болса, онда енесінен айыруды ерте жүргізу қажет.

Жақсы сиырларға мынадай жануарлар жатады:

бірінші бұзаулау 24 айлық жасында өтеді,

жыл сайын және бір мезгілде бұзаулайды,

енесінен айыру кезінде бұзаудың салмағы өзіндік салмағының 50% жақындайды,

жайылымда мардымсыз жайылу кезінде де қоңдылығын сақтайды,

әлде кімнің көмегінсіз жеңіл бұзаулайды.

Шағылысу кезеңі

Бұзаулар мен сиырлар асыл тұқымдық күйінде болуы қажет. Атап айтқанда, бұзаудың салмағы ересек сиырдың тірі салмағынан 65% кем болмауы тиіс. Бұған қоса, бұзаудың орынын негізгі мал басымен толтыру бір ай бұрын жүргізілуі тиіс, себебі олар әрі қарай тез қалпына келіп, ересек сиырлармен циклге енуі тиіс.

Бұқалар да асыл тұқымдық күйінде болуы қажет, олардың ұрықтылығы және ұрығының ширақтығы тексерілуі қажет. Шаруашылықта бұқалардың жетіспеушілігі жағдайында оларды сатып алу қажет.

Тұқымдық бұқалапрдың мал басына арналған жүктемесі 1:25 арақатынасынан аспауы қажет. Тек, осы жағдайда ғана, жеткілікті бұзау өсімін күтуге болады (бір сиырға бір бұзаудан немесе 100 басқа 85% кем емес).

Неғұрлым қысқа мерзім ішінде бұзаулауына қол жеткізу үшін, шағылыстыру маусымын 60 күннен аспайтындай уақытқа ғана ұзарту қажет.

Бұзауларды сиырлардан айыру

Жайылымдық кезең аяқталғаннан кейін, бұзауларды сиырдан айырады. Сонымен бірге, зерттеу жолымен сиырлардың қысырлығын тексеру қажет. Қысыр сиырлар сойысқа шығаруға жатады, себебі оларды қыста күтіп- баптаудың және текке шығын шығарудың қажеті жоқ .

Әнуар ТҰРҒАНОВ,

"Қазақстандық ангус" республикалық палатасының сарапшысы

 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз