Қай кезде болмасын еліміздің әр түрлі шикізатқа және тамақ өнімдеріне сұранысын қанағаттандыратын қой өсіру саласы халық шаруашылығының ажырамас құрамдас бөлігі саналатын. Бірақ бүгінгі күні бұл саланы әрі қарай дамыту үшін қой шаруашылығын ішкі және сыртқы нарыққа бейімдеу қажет.

Ең тиімді кәсіп

таңда Қазақстанның агроөндірістік кешенінде қой шаруашылығының алар орыны мен маңызын қайта зерделеп, бұл саланы мал шаруашылығының басқа салаларымен бір деңгейге көтеру керек. Қой шаркашылығын қайта жандандыру барысында еліміздің жемшөп және еңбек ресурстарын барынша толық және тиімді пайдалану, сапалы және экологиялық тұрғыдан таза өнім өндіру үшін өте маңызды екенін түсінген жөн.

Мал азығындық алқаптары, жайылымдық және шабындық жерлері бар шаруашылықтарда қой өсіру өндіріс мүмкіншілігін пайдалана отырып жо5ары өнім алуға, адамдарды жұмыспен қамтуға, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге мүмкіншілік беретін негізгі, тіпті кей жағдайда жалғыз ғана кәсіп түрі болып саналады. Қазір елімізде 222,6 млн гектар жер бар. Оның 24 миллион гектары (10,8%) егістік, 5 миллион гектары (2,2%) шабындық, 189 миллион гектары (85%) жайлымдық жер. Алайда оның басым бөлігі қой басының күрт қысқарып кетуіне байланысты мүлдем пайдаланылмайды немесе тиімді пайдаланылмайды.

2018 жылдың басында еліміздегі қой басының жалпы саны 15,7 миллион болды. Оның 9,2 миллионы саулық қой(58,6%), 1,5 миллионы немесе 9,5% асыл тұқымды қой. Қой басының 77 пайызын етті-майлы, 15,4 пайызын биязы жүнді, 6,4 пайызын жартылай биязы жүнді мал құрайды., Ал елтірілік қой небары 1,2 пайыз. Ірі ауылшаруашылық құрылымдарында қойдың 4,7 пайызы, орта құрылымдарда 37,1 пайызы, жеке қосалқы шаруашылықтарда 58,2 пайызы бар.

Қазіргі жағдайда қой шауашылығын табысты жүргізудің басты көрсеткіштері экономикалық тиімділік, өнімнің бәсекелестігі және кіріс әкелуі болып отыр.

Ет сату қой өсірудегі ең пайдалы кәсіп. Өйткені экономикалық жағдай қандай болғанда да етке сұраныс әрқашан жоғары.

 

Ет өндіру ең тиімді сала болғандықтан оған кеткен шығын ақталады. Тірі қойдың салмағын 1 килограмға арттыруға кететін жемазық көлемі 1 килограмм жүн алуға кететін шығыннан он есе аз. Сонымен қатар, бір қойдан 2-3 килограмм жүн алуға болады, ал алынатын ет бұдан он есе көп. Сондықтан ет тұқымдас қой басын көбейту мақсатында қазіргі барлық қой тұқымдарын селекциялаудың бұрыннан келе жатқан әдістеріне тың көзқарас қажет. Сонда біз жергілікті ауа райына және жемазыққа бейімделген ірі етті қойлардың тұқымын алатын боламыз.

Қай ел етті бәрінен мол тұтынады?

Қазақ тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша адам ағзасына оның жасына қарай тәулігіне 100-150 грамм ет қажет екен. Оның 45-55 пайызы қой еті болуы керек. Бұл бір жылда 16,4-30,1 килограмм деген сөз. Елімізде халықтың жан басына шаққанда жылына 12 килограмм қой еті өндіріледі. Бұл ет тұтынудың орташа мөлшеріне де жетпейді. Соның өзінде бір ғана Түркістан облысы бойынша жылына 30 мың тонна қой еті қажет. Салыстырып айтар болсақ, Жаңа Зеландияда әр тұрғын жылына 31килограмм, Монғолияда 25,5 килограмм, Біріккен Араб Әмірлігінде 15,5килограмм қой етін жейді.

Басқа жағынан қарасақ, әлемдегі өндірілетін қой еті жалпы ет өндірісінің 3 пайызын ғана, яғни жылына 8,4 миллион тонна құрайды екен. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 15-20 пайызға жетіп отыр. Яғни қой етін өндіру жағынан біз әлемдік өндіріс көлемінен де жоғары тұрмыз. Мұның бір себебі қазақ халқының тарихи қалыптасқан мәдени-ұлттық тамақтану дәстүрі және ауыл тұрғындарының өмір салтына байланысты.

Сонымен қатар, қой шаруашылығы саласын дамытудың, оны шетелге шығару көлемін арттырудың мүмкіншіліктері мол. Өйткені әлем елдері жылына 530 мың тонна етті сырттан алады, және бұл көрсеткіш ұдайы өсуде. Еттің басты тұтынушылары Франция (138 мың тонна), Ұлыбритания (114 мың тонна), АҚШ (90 мың тонна), Қытай (73 мың тонна) және Сауд Арабиясы (54 мың тонна).

ескере отырып бізге ең алдымен қой еті өндірісінің мықты негізін қалауымыз керек. Бұл өндірістің барлық қажетті салалары, инфрақұрылымдары болуы тиіс. Жас қой, қозы етін өндірушіден тұтынушыға жеткізетін өндірістік кластер жүйесін құру қажет.

Қысқа уақытта тиімділікке қол жеткізіп кіріс алу үшін қазір қолымызда бар етті-жүнді тұқымдас қойларды шетелдік асыл тұқымды етті қойлармен қанын араластыру арқылы қойдың жергілікті тұқымын сіңіре будандастырып жаңа, жергілікті жерге бейімделген тұқым алу керек.

Біздің елімізге өткір құрылықтық ауа райы тән. Сондықтан жергілікті ауа райы мен жемазыққа бейімделген қойлар ғана барынша мол ет, көп төл бере алады.

кезінде біздің сарапшы мамандар шетелдік әріптестерінің биязы жүн де, мол ет те беріп, жақсы төлдейтін меринос тұқымды қойлардың етті тұқымдарын шығаруға бағытталған жұмыстарын тиісінше бағалай алмады. Бұл орайда құйрықты қойларға, атап айтқанда еділбай тұқымдас, қазақтың қылшық жүнді, дегерес қойларына баса назар аудару керектігі дау туғызбайды. Бұл қойлар жергілікті жағдайға тамаша бейімделген, етінің, сүтінің өнімділігімен ерекшеленеді. Бұл қойлардың тұқымын әрі қарай жетілдіріп, олардың санын көбейту отандық қой етін шет елдерге шығару үшін өте маңызды.

Жүн орынына мақта

Соңғы онжылдықтарда әлемдік қой шаруашылығында үлкен өзгерістер болғаны жалпыға белгілі. Жалпы қой басы, әсіресе биязы жүнді қойлар, шамамен 100 миллионға қысқарып кетті. Бұл қойдың биязы жүніне сұраныстың кемуіне және оның бағасының күрт төмендеуіне байланысты. International Wool Textile Organization ұйымының мәліметі бойынша, соңғы он жылда жүн өндіру 26,2 пайызға қысқарған, ал биязы жүн сатуда көш бастап тұрған австралиялық фермерлер ұсынған баға деңгейі 28,4 пайызға, дүние жүзінің басқа аймақтарында 39,1 пайызға төмендеген. Бар мәселе нарықта биязы жүнді мақтаның ығыстырып шығара бастауында болып отыр. Мақта өндіру анағұрлым жеңіл, және ол биязы жүнге қарағанда 3-4 есе арзан. Оның үстіне мақтаны өңдеуге кететін шығын да үш есе аз.

Осы тұрғыдан соңғы уақыттарда елімізде неліктен отандық және шетелдік етті тұқымды меринос қойларына бетбұрыс жасалып, Қазақстанда биязы жүнді қой өсіруде ет өндіру бағытын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғаны түсінікті.

Бұл бағыттағы алғашқы қадам Алматы облысында жасалды. 2002 жылы облысқа дойчемеринофлейшшаф тұқымды қойлар, ал 2005 жылы австралиялық етті меринос және оңтүстік-африкалық етті меринос – дони тұқымы әкелінді. Бұл қойлардың негізінде отандық «Етті меринос» тұқымы шығарылып, оның сапасы сынақтан сәтті өтті. Әкелінген қой тұқымдарын қазақтың биязы жүнді аналық қойларымен будандастыру нәтижесінде малдың төлдеуі 10-15 пайызға, тірі төлдің салмағы 10-15 пайызға артқаны анықталды. Қазіргі уақытта майсыз ет және жұмсақ етті көбірек алу мақсатында француздың иль де франс тұқымды етті меринос қойларын пайдалану жолдары қарастырылуда.

етті-жүнді қой өсіру Ресейде, Украигнада және басқа да ТМД елдерінде кең таралғанмен, жақын шет елдерде етті бағыттағы биязы жүнді қой тұқымын шығару қолға алына қойған жоқ. Соңғы онжылдықта етті тұқым шығару мәселесі бойынша ресейлік ғалымдар табысты жұмыс жүргізіп отыр. Осы мақсатта олар шет елдерден қошқарларды және етті тұқымды аналық қойларды көптеп әкелуде. Мысалы , Ставрополь өлкесіндегі Чапаев атындағы асылтұқымды мал өсіретін ұжымдық шаруашылық негізінде тексель және поллдорсет тұқымдас қойлардың төлін көбейту орталығы құрылып жатыр.

Биязы жүнді етті қой тұқымдары Франция, Германия, Испания, Оңтүстік Африка Республикасында жақсы дамыған. Батыс Еуропа, Америка, Африка түгелдей негізінен етті және етті- жүнді қойлар өсіреді. Әлемдегі барлық қой санының 50 пайызы шоғырланған бұл елдерде қой етін өндіру жалпы кірістің 95-97 пайызын қамтамасыз етеді.

жылдары Қазақстанда биязы жүнді қой шаруашылығына қолдау көрсету мақсатында үкімет тарапынан қолға алынған шаралар бұл саланы әрі қарай дамытуға көбірек көңіл бөлінеді деген үміт отын оятады. Бүгінгі таңда еліміздің аграрлық-өнеркәсіптік саласының алдында тұрған негізгі міндет отандық етті қой өсіру өндірісін құру. Ол кой етін өндірудің және етті қой тұқымын шығарудың инновациялық технологияларына негізделуі тиіс.

Нұржан ЖҰМАДІЛЛАЕВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз