Соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде лимон бизнесі жақсы дамуда. Жергілікті фермерлер лимон өсіріп, ішкі нарықты ғана қамтып қоймай, экспорт арқылы табыс табуды меңгеріп алды.

Лимон (Citruslimon) – жылу сүйетін, субтропиктік жеміс. Лимонның әр бөлігі адам ағзасына қажетті дәрумендерге толы. Лимон қышқылы жемістің жұмсақ бөлігінде. Оның құрамы 8%. Қабығында эфир майы бар. Жұмсағында алма қышқылы да бар. Қант құрамы глюкоза ретінде (до 0,80%), сахароза ретінде (до 0,75%), фруктоза ретінде (до 0,60%). Сондай-ақ, З дәруменіне де бай.

Жылыжайларда лимон өсіру үшін ауа температурасын, күн көзі қуатын, жайлылық деңгейін лимонның отаны субтропикалық климат деңгейінде ұстап отыру шарт. Осы шарттылықтар сақталса бұл өсімдік сізге жыл он екі ай табыс әкеледі.

Жыл бойы қалыпты температураны ұстап тұру – басты міндеттердің бірі. Орташа айтар болсақ 15-25ºСшамасында болуы керек. Қыс кезінде ауа температурасы 5 ºС төмендемеуі тиіс

Цитрустардың ішінде шамалы ғана аязға үсіп кету қауіпі жағынан лимон алдыңғы орында тұрады.Ауа температурасы -1,5-2,5°С жағдайда өсімдіктің жемісі үси бастайды, сабағы мен жапырағы -3-5°С, бір жыл мен үш жылдық ағаштар -5-6°С төмендеген кезде үси бастайды. -8-9°С аязда өсімдік толықтай үсіп, солып қалады.

Лимон ағаштары үшін қолайлы ауа райынан бөлек, бір мезгіл көлеңке мен жауын-шашын, тұман секілді құбылыстар да қажет. Сол үшін жаз мезгілінде жылыжайларда желдету жүйесі үнемі қосылып тұруы тиіс.

Ауа ылғалдығына да ерекше көңіл бөлу қажетсіз. Жоғары ылғалдықты қамтамасыз ету үшін жасанды жауын жаудыратын немесе тұман түсіру құрылғысы орнатылуы тиіс. Осылайша ауа ылғалдығын 80% көлеміне жеткізген дұрыс.

Лимон жарықты, күн сәулесін сүйгенімен бытыраңқы сәуледе жақсы өседі. Күн сәулесі тура, тіке түссе өсімдікке кері әсер етіп, жапырақтары түсу құбылысы байқалады. Ал, бұл өсімдіктің жеміс беруіне әр жапырақтың ерекше әсері бар. Бұндай жағдайда жеміс жинаған кезде көңіліңіз қалаған мөлшердегі жемісті ала алмайсыз. Кей кездерде жапырағынан айрылған лимон ағашы өліп қалып жатады.

Жалпы, лимонды тұқымнан, дәнек кезінен бастап өсіреді ғой. Бірақ, лимон алғашқы 10 жылда немесе 15 жыл өнімін бермеуі мүмкін. Сондықтан, шамамен 3 жылдан кейін өнімін бере бастайтын дайын шыбықтарын алып, соны отырғызған жөн. Алқаптардағы лимон ағаштарының өмір сүру жасы 50-60 жылға дейін созылады

Шыбықты отырғызар кезде тереңдігі 80 см, көлемі 1 метр шұңқыр қазылады. Шұңқырдың астыңғы бөлігіне 20 см қалыңдығында ірітүйірлі құм, қой қиының шіріндісі 30 см (80% көңжәне 20% топырақ), 20 см топырақ қосындысы(80 пайызы өсімдік топырағы, 20 пайызы қой көңі),10 см жабын(гербицидпен өңделген сабан).

Шыбықты отырғызар кезде ептеп су құйып, топырақты ылғалдандырады. Лимон ағаштарын ақпан айы мен мамыр айы аралығында отырғызған жөн. Ара қашықтығы 2 × 2,5 метрден болуы шарт. Бұл есеппен 0,005 гектар жерге 100 тал шыбық егіледі. 1 шыбыққа жыл бойына кететін су көлемі (2,5 текше). Біздегі жылыжайлардың көбі «Юбилейный» және «Ташкентский» тұқымды лимон ағаштарын өсіреді.

Жоғарыда аталған күн нұрының түсуі, көлеңке, жаңбыр және желдету жүйелері өз қызметін мүлтіксіз атқарған жағдайда ғана лимондарыңыз өз бабында, табиғи қалыпта өскендей өсе алады.

Еліміздің оңтүстік өңірінде соңғы бес жылда лимон шаруашылығының бірнешеуі ашылды. Бұл шаруашылықтардың барлығы Серғазы Бекмұратовтың әдісіне жүгінді. Себебі, бұл кісі лмон шаруашылығымен он жылдан астам уақыттан бері айналысуда. Әуелгіде 10 соттық жерге егіп байқастаған. Қазір 1 га жерге лимон ағаштарын отырғызған. Жақын болашақта 5 га жылыжай салу. Ол тек қана лимон емес, басқа да жеміс-жидектер өсірумен, осы салаға қызыққан жандарға тренингтер өткізумен айналысады. Қазіргі таңда Түркістан облысында шамамен жалпы алғанда 20 га жерге лимон өсіріледі.

Бұл пайдалы және өз шығынын аз уақытта қайтаратын кәсіп. Кәсіпкерлер ішкі нарықтан бөлек Ресейдің кейбір аймақтарын лимонмен қамтамасыз етіп отыр.

Негізібұл ішкі нарықты түгел қамти алмайтын көрсеткіш. Қазақстанға Қытай, Түркия, Иоан, Тунис, Израил, Өзбекстан,Латын Америкасы және Тәжікстан елдерінен цитрусты дақылдар кіреді.

Күтіп-баптау әдістерінің барлық жолдарын дұрыс қолданған жағдайда, үшінші жылы әр ағаштан 10 келі шамасында, бесінші жылы 80 келі, алтыншы жылы 120 келі өнім ала аласыз. Шамамен бір келі лимонның бағасы 600 теңге деп алсақ, кіріс пайдасын есептеу қиын емес.

Күтіп-баптау әдістері аса қиын емес. Бастысы тыңайтқыштарды уақытылы қосып, ауа ылғалдылығын, күн сәулесін, маусымдық температураны дұрыс ұстай алсаңыз болды.

Серік ЖАНТАСОВ,

ауылшаруашылығы жөніндегі сарапшы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз