«Қаптамадағы пішендеме» деп аталатын әзірлеу технологиясы дүние жүзіне кең таралып, үнемділік тұрғысынан тиімді, сенімді және жоғары нәтижелерді қамтамасыз ететін технология ретінде көрінді. Ол ондаған жылдар бойы бүкіл әлемнің шаруа қожалықтарында кеңінен қолданылып келеді. Тіпті қолайсыз ауа райы жағдайында мейлінше аз шығынмен жем-шөп проблемасын нақты шешеді. Толығырақ - біздің материалымызда.

Оптимизмге алты себеп

Атап өтетіні, жем-шөп жинау үрдісіне жаңа технология енгізу жағдайында біздің фермерлеріміздің негізгі жауы – нашар ауа-райы бұдан былай рөл ойнамайды: пішендеме консерванттар қосылмай арнайы қаптамамен қапталады да жем-шөптің сапасы айтарлықтай жоғалмай сақталады. Асқан қажеттілік жағдайында қаптамалау процесін қолайлы климаттық жағдайдың басталуына дейін кез келген мерзімге ештеңе жоғалтпай тоқтатып қоюға болады.

Бұл әрі сүт пен ет өндірісінің тиімділігі мен рентабельділігін арттыратындығын атап өту керек, жұмыс біршама оңайлайды, өндіріс мәдениеті жоғарылайды. Іс жүзінде, «Қаптамадағы пішендеме» пішендеме жинаудың дәстүрлі жүйесінің барлық қиындықтары мен кемшіліктерін сәтті еңсеруге көмектеседі.

Технологияның нақты артықшылықтары туралы айта отырып, біріншіден, бұл шабылатын жасыл массаның энергия, протеин, қоректік заттарын мейлінше үнемдеуге мүмкіндік беретін азық дайындаудың тиімді түрі болып табылатынын атап өту қажет.

Екіншіден, бұл қант, протеинін сақтайтын жем-шөптің жақсы сапасы ғана емес, сонымен бірге жоғары қоректік құндылық.

Бұл технологияның сүрлемдеуге қарағанда ысырабы, шығыны аз (биологиялық тұрғыдан алғанда қашып құтыла алмайтын 8%-10%), сатылымы жақсырақ.

Үшіншіден, пішендеменің бұл түрі мал басының саны 50-ден 200-ге дейінгі шағын отбасылық фермаларды, шағын мал топтарын, суалма мал цехын, ірі сүт фермаларында транзиттік кезеңнің топтарын азықтандыруға, ірі қара мал шағын фермаларында төл, жас мал басын жемдеу үшін, қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары үшін аса ыңғайлы, сондай-ақ жануарлардың өнімділігі артып, денсаулығы сақталады.

Төртіншіден, жүйе азықтың сапалық сипаттамаларын ғана емес, оны дайындау мәдениетін де арттыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, ол топырақтың азыққа ену мүмкіндігін мейлінше төмендетіп, жемдік жапырақтардың жоғалуын азайтады.

Бесіншіден, «Қаптамадағы пішендеме» жоғары қоректік қасиеттерін жоғалтпастан кем дегенде екі жыл бойы кепілді түрде сақталуға қабілетті. Бумаға бекітілгеннен кейін, жасушаның тыныс алуы және қалаусыз микробиологиялық процестер іс жүзінде тоқтатылады, соның арқасында алынатын жем қоректілігі жағынан бастапқы шикізатқа есе жібермейді.

Алтыншыдан, шабу кезінен буып-қаптауға дейін, яғни шөптің қолдағы сапасын бекітіп тастауға дейін бір тәуліктен аз уақыт кетсе, көлік-тасымал шығыны 40%-ға дейін төмендейді. Сондай-ақ, жем-шөп жинау үшін арнайы сақтау орны қажет емес: пленкаға оралған жемшөп аумағы сәйкес келетін кез келген алаңқайда, тіпті жолдың шетінен алқаптың жиегіне дейін де сақталуы мүмкін.

Шаруашылықтардың олжасы

Ең оңтайлы вегетация фазасында шабылған өсімдік массасы жеке, ерекше оралған орамдардағы пішендемені дайындау кезінде 55%-60% ылғалдылыққа дейін кептіріліп, дестелерге жиналып, кем дегенде 400 кг/м3 (50% ылғалдылық) және 600 кг/м3 (60% ылғалдылық) тығыздыққа дейін орамды тайлағыш-жинағышпен сығымдалады, және де олар өзінен-өзі желімделетін пленкамен оралады. Орамдар басылған сәттен бастап пленкамен екі сағатта, ең көбі үш сағатта оралып, қапталуы тиіс.

Орға пішендеме жинау пленкадағы орамдарға қарағанда қолайсыз, себебі ауа райы жағдайына аса тәуелді, мұнда көп техника мен адамдар жұмыс істейді, жем-шөп жинау кезінде ластанады, сақтау және малды жемдеу кезінде ысыраптар болып жатады, жиналған тоннаның пішендеме бірлігіне шаққандағы өзіндік құны өседі, тұтастай алғанда, жем-шөп сапасы төмендейді.

Қарапайым технология бойынша жиналған пішен мен пішендеме, әдетте, тұтынудың үлкен пайызына ие. Мұндай азықтың қалдықтары пайдаға асып, кейіннен төсемеге қолданылады. Ірі қара малды қаптамадағы пішендемемен жемдегенде бұндай шығындар нөлге дейін азаяды. Іс жүзінде, «Қаптамадағы пішендеме» - бұл ауа-райының қолайсыздығына байланысты жем-шөп жинау қиынға соғатын шаруашылықтар үшін таптырмас олжа.

Тәжірибе көрсеткендей, кейбір жағдайларда қоректілігі төмен пішендеме, пішен шөп пен сүрлемнің дәстүрлі азықтарын қолдану фермерлердің қаражатын үнемдетпейді, керісінше құрама жем мен басқа да концентраттарды, қосымша шығындарды ұлғайтуды талап етеді. «Қаптамадағы пішендемені» енгізу шаруашылық жүргізуге арналған қаржы шығындарын үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар ірі қара малды қажетті рационды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Негізгі қысқы жем

Нақтырақ айтқанда, қазіргі заманға сай пішендеме жинау әдісінің қолданылуы құрғақ заттардың жалпы шығынын 6%-ға, ақуыздікін - 14,5%-ға және жем-шөп өлшемінің шығынын 9,5%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл 1 га алқап жерден шамамен 1 тонна сүт немесе 120 кг сиыр етін қосымша алуға береді.

Көптеген қазақстандық фермерлер шетелдік технологиялар жергілікті жағдайларда жарамай қалады деп ойлап, «Қаптамадағы пішендемеге» қауіппен қарайды. Бірақ мәселе - бұл технологияның баяғыда-ақ экзотикалық санаттан кең таралғандығында, әдепкі санатқа өткенінде. Сүтті мал шаруашылығымен айналысатын ондаған, тіпті жүздеген ауылшаруашылық кәсіпорындары «Қаптамадаңы пішендемені» негізгі қысқы жем ретінде пайдаланады.

Николай АФАНАСЕВИЧ,

ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз