Сүтті мал шаруашылығында қазақстандық фермерлер пішендеме шөп шабупроцесіне үлкен көңіл бөледі. Қоректік қасиеттері бойынша ол пішен мен сүрлем шөптен гөрі көк шөпке жақын. Құнарлы және гигиеналық қасиеттері жағынан мінсіз пішендеме мен азықтандыру жануарлардың денсаулығы, сондай-ақ, өндірілетін сүттің көлемі мен сапасы үшін шешуші мәнге ие.Осы мал азығын жинағанда барлық ережелерді қалай сақтау керегін баяндап береміз.

Бастысы – технологияны сақтау

Қысқаша айтқанда, пішендеме -шөптерден дайындалған және шабылғаннан кейін 60-65% ылғалдылыққа дейін кептірілген жоғары құнарлы, қымбат емес ірі жем-шөп. Ол жоғары өнімді сиырларды азықтандырудың негізгі бөлігі болып табылады. Сапалы азықты жинау және сақтау – бұл сүт өндірісі бизнесі табысының ажырамас бөлігі. Өкінішке орай, бірқатар қазақстандық шаруашылықтарда ірі мөлшердегі азық сапасы ең оңтайлы деңгейге жетпей жатады, алайда ірі қара мал өсіру мен сүт өндірудің экономикалық мақсаттылығы осыған тәуелді.

Ірі мөлшердегі азықтың сапасы төмен болса, ешқандай концентрацияланған азық пен арнайы энергетикалық құралдар оның орнын толтыра алмайды. Ірі қара мал шаруашылығы мен айналысатын әрбір кәсіпорын және әрбір басшы алдына ауқымды мөлшердегі сапалы жем-шөп дайындау мақсатын қоюы керек. Бұның, шын мәнінде, қиын және қымбат ештеңесі жоқ. Жай ғана шөпті уақытында шауып алып, сақтауға қою технологиясын орындау қажет.

Азық өндірісі бойынша міндеттерді табысты орындау үшін қазақстандық және импорттық іріктеу тұқымдары, соңғы буынның биологиялық консерванты, сүрлем таптағыштар мен сүрлемдік шұңқырларды жабуға арналған үлдір пленка қажет. Ең бастысы -анаэробты ферментацияны рН деңгейі 5.0 болатындай мейлінше ерте бастауға қол жеткізу.

Карамельдің иісі не білдіреді?

Табиғи азықтық алқаптарды басқаруда шөп шабудың оңтайлы уақыты, дұрыс кесу (5 см не оданжоғары), 1 тәулікке дейін қысқа мерзімді кептіру, жылдам жинап алу, сақтағыш заттарды сауатты пайдалану, жақсылап нығыздау және бетін жабу секілді факторларды ескеру маңызды.

Сапалы өнім алу үшін мал азығын сақтауға жедел қою, кесетін пышақтардың өткірлігін тексеру, сүрлеу және оңтайлы 65% ылғалдылықта тығыздау қажет. Пішендеме мөлшері аса құрғақ болған кезде, әдетте, ол нашар тығыз далады және кейін ауа көп қалады. Бұл жағдайда сөзсіз өзінен-өзі қызып кетуі туындайды. Температура көтерілгенде, ақуыздың коагуляциясы және қанттардың карамельденуі басталады. Пішендеме карамельдің иісі жақсы сезілетін қоңыр түстіге айналады. Бірақ, өкінішке орай, оның қоректік заттары аз, ал қалғанын қорыту қиын.

Жауынды ауа райында бұршақ дақылдарын сүрлеген жағдайда, жоғары сапалы, ең дұрысы -биологиялық консервант пайдалану қажет екенін атап өту маңызды. Консервант тез сақтауды және сол арқылы қоректік заттардың жоғары құрамын қамтамасыз етеді. Алайда пішендеме дайындаудағы басты қателер тым кеш, гүлдеу кезеңінде шабу және пішендеме көлемін тым ұзақ мерзімге кептіру болып табылады. Өсуінің ең оңтайлы кезеңінде (гүлінің шашақтануы мен одан ертерек) шөп 18 кгсүт, ал 10 күннен кейін бар болғаны тек 2 кг сүт тудыратындай әлеуетке ие. Бұршақ тұқымдастар жағдайында да солай.

Сүтті сиырдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің 50%-дан астамы сапалы, жоғары сапалы, құнарлы негізгі мал азығы мен жабылуы керек. 1 кг пішендемеде кем дегенде 10,7 мДж алмасу энергиясының (АЭ) болуы қоспа жем шығынын айтарлықтай төмендетуге және жануарлар өнімділігін арттырып, денсаулығын жақсартуға болады. (1-кесте)

Жоңышқаны таңертең шабады

Пішендеме жинау ауа-райы жағдайына қарамастан, ең оңтайлы уақытта жүзеге асырылуы керек. Көктемде шалғын шөбін алғаш кесудің оңтайлы кезеңін анықтау үшін жыл сайын жаңа талаптар пайда болып жүр. Әдетте, өсімдік терең жоғары азықтыққа құндылыққа алғашқы шабу кезінде ие. Ал ең оңтайлы шабу уақыты бірнеше күн меншектеледі. Өсімдіктерге вегетациясынан бастап алғаш кесілудің ең қолайлы уақытына дейін 30-40 күн қажет. (2-кесте)

Шалғын шөбін кесудің дұрыс уақытын сипаттайтын ең кең таралған форма – өсімдіктер дамуының ең оңтайлы кезеңін құрастыру болып табылады. Шалғын шөбінің жинау үшін пісіп жетілген ең қолайлы кезеңі –масақ тастауының - гүл шашақтануының басталуы болып саналады. (3-кесте). Сондай-ақ, шөп жинау кезінде үстем өсімдікті анықтау және оның өсуін бақылау маңызды, өйткені шөптің әртүрінің азықтық құндылығы өсімдіктің вегетативтік дамуынан генеративтікке көшуі кезінде ерекшеленеді. (4-кесте).

Сауын сиырларға жоғары сапалы азықтың мейлінше жоғары өнімін қамтамасыз ету үшін алғашқы екі шөп шабысты уақытылы жүргізу керек. Алғашқы шөп шабу бүрлену кезеңінде, екіншісі – біріншіден кейін 28-ден 33-ке күнге дейінгі аралықта жүргізілуі керек. Басқа сүтті жануарларға арналған шөп алаңдағы жалпы өсімдіктің 10-20%-ы гүлдеген кезеңде, екінші рет -біріншіден кейін 28-ден 33-ке күнге дейінгі аралықта шабылады.

Тек бір күн ішінде кептіріліп, үйіп жинап алуға болатындай көлемдегі пішендемені ғана орған жөн. Құрғақзатжәнеқоректікзаттардыңеңмол көлемінеқолжеткізуүшін 5-6 см биіктіктесау, стресске бейім емес өсімдіктерді шабу керек. Жапырақтардағы қант пен крахмалдың шоғырлану деңгейісағат 11.00-ден түстен кейінгі мезгілге дейін жоғарылап, түнге қарай төмендейді. Сондықтан, ең дұрысы, жоңышқанытаңертең шапқан жөн.

Теориялық тұрғыда кесу ұзындығы2 см болуы, кемі 2,5-3,8 см-ден астам өлшемді 15-20% бөлшектері барболуы керек. Жапырақты-сабақты құрам кесінділерінің қажетті өлшеміне қолжеткізу үшін азықты жиі зерттеп, кесу ұзындығын реттеп отырған жөн. Ылғалдылыққа байланысты кесу ұзындығы 2-3 см-ден(құрғақ құрамда) 4-6 см-ге(ылғал құрамда) дейін болуы мүмкін. (5-кесте).

Пішендеменіконвервациялаужәнесақтаутуралыбіздіңсараптамалықшолуымыздыңжалғасын мына жерден оқыңыз.

НИКОЛАЙ АФАНАСЬЕВИЧ,

ауылшаруашылығы саласының сарапшысы

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз