Мемлекет өнімділігі жоғары малды жануарларды сатып алуға және өндіріс құнын төмендетуге фермерлердің шығындарының бір бөлігін өтейді.

Мемлекеттік қолдау алты бағыт бойынша көрсетіледі:

  • Етті мал өсіру
  • Сүтті мал өсіру
  • Қой өсіру
  • Шошқа өсіру
  • Құс өсіру
  • Жылқы/Түйе өсіру
  • Ешкі өсіру

Мемлекет фермерлердің селекциялық жұмысқа, өнімділігі жоғары мал сатып алуға және өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендетуге кеткен шығындарының бір бөлігін өтейді.

Демеуқаржы көлемі жұмыстың түрі мен саласына қарай өзгеріп отырады. Жалпы өтемақы көлемі асыл тұқымды малдың нарықтық құнының немесе өндірілген өнімнің өзіндік құнының 30 пайызын құрайды.

2018 жылдың көктемінен бері демеуқаржыны рәсімдеу ісі түгелдей онлайн бойынша, EGOV порталы және Ақпараттық Сараптамалық Жүйе (АСЖ) арқылы жүргізіледі.

Демеуқаржы алу ісіндегі жетістіктер:

  • Ашықтық (өтінім жүйе арқылы қаралады, фермердің мемлекеттік органдармен байланысы барынша шектелген)
  • Жеделдік (өтінімді тапсырып жауап алғанға дейінгі мерзім 2 жұмыс күнінен аспайды);
  • Қолайлылық (әкімдіке немесе ХҚКОға бару қажет емес).

Демеуқаржы бөлінетін түрі мен демеуқаржы көлемі туралы бейнетаспадан біліңіз

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз