2018 жылдан бастап тапсырыс беру және демеуқаржы алу жүйесі толық автоматтандарылған. Мұның артықшылығы: жемқорлық қаупін төмендетеді, шешімдерді қарау және қабылдауға кететін уақытты үнемдейді, іске қатысушылардың тікелей қарым-қатынасына жол бермейді, демеуқаржы бөлу туралы мәлімет нақты уақыт бойынша алынады. 

Демеуқаржы мақсаты:
- Баламалары бар гербицидтер
- Баламалары жоқ гербицидтер
- Биоагенттер (энтомофагтар), биологоиялық препараттар

Демеуқаржы алатындар:
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер биоагенттерді (энтомофагтарды және биологиялық препараттарды толық құны бойынша сатып алуға жұмсалған шығынды өтеу үшін
- өз өнімдерін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арзандатып сататын отандық өсімдік қорғау заттарын өндірушілер (аударым өтінімі).

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз