Әрбір сүт фермасы үшін бұзаулау кезеңі алдында болатын «суалу кезеңі» маңызды болып табылады. Сарапшылар сиырды суалтудан бастап оның бұзаулауына дейінгі уақыт аралығын осындай терминдермен атайды. Сиырларды босатудың дұрыс әдістері туралы осы материалда айтатын боламыз.

Сиыр желіндеп тұрған кезде...

Фермерлер бұзаулағанға дейін 60 күн бұрын сиырды саууды тоқтатуды босату деп атайды. Сонымен қатар мұндай сиырларды «суалмалы» деп атайды, өйткені бұзау өмірге келгенге дейінгі 60 күн ішінде сауын сиырлардың организмінде айтарлықтай физиологиялық өзгерістер болады. Ол – ұрықтың белсенді өсуі және бұзау сүйектерінің, бұлшық еттерінің қалыптасуы. Осы кезеңде сиырды сауу оның организмінен өзін де, сондай-ақ бұзауды да қамтамасыз етуге тиіс дәрімендердің, макро- және микроэлементтердің шайылып кетуі арқылы қосымша жүктеме болатыны түсінікті.

Дәл осы себепті сиырды босату – сүтті мал шаруашылығындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.

Екі есе тексеру

Босату уақытын дұрыс белгілеу үшін ферма қызметкерлері әдетте зоотехникалық есептің нәтижесін, жануарларды ұрықтандыру журналы бойынша автоматтандырылған жүйенің мәліметтерін пайдаланады. Бұзаулауға 60 күн қалған сиырлар осылай анықталып, осыдан соң оларды ветеринарлық блоктан өткізіп, онда клиникалқ ветеринарлық тексеру жүргізеді.

Мал дәрігерлері тері қабатын тексеріп, дене температурасын өлшейді, аурудың сыртқы клиникалық белгілерін анықтайды. Сонымен қатар ерекше байқалып тұрған клиникалық маститтің белгілері бар малдар ерекше санатқа жатқызылады, себебі аталған диагнозы бар ауру малдар толықтай емделмейінше босатылмайды.

Мастит (емшектің қабынуы) – сүт бездерінің қабынуы. Ауру сиырлар санын азайту үшін алдын алу шараларын белсенді жүргізу қажет. Бұл турасында бірқатар нақты ұсыныстар бар: сауудан кейін емшектерді антисептикалық тазалау, дұрыс сауу, малдарды субклиникалық маститке тұрақты түрде тексеру, қораларды шыбыннан залалсыздандыру, сүт бөлетін және суалмалы сиырларды дұрыс азықтандыру, сиыр қораларын және сауу құралдарын дезинфекциялау. Айтпақшы, бұзаулағанға дейін 60 күн бұрын сиырларды бір сәтте босату – бұл да маститтің алдын алу болып табылады.

Малдар клиникалық тексерілген соң олар тағы бір түрі – ректальды диагностикада өтеді. Осылайша мамандар желіндеудің болжалды мерзімін қосымша нақтылайтын болады.

Ректальды диагностика – бұл тікішектің және оның айналасындағы органдар мен тіндердің жағдайын тексеріп, оның көмегімен репродуктивтік органдардың ауытқушылығын және малдардың желіндеуін айқындайды.

Алдымен дәрумендер, содан соң транзит

Желіндеу мерзімі ректальдық зерттеу, ұрықтану журналы мәліметтерімен толықтай сәйкес келген соң малдар босатуға жатқызылады. Саууды сауатты түрде тоқтату дәруменмен қанықтандырудан – малдың организмін дәрумендермен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесімен, қажетті микро- және макроэлементтермен толықтырудан басталады. Осыдан соң малдар білдекке немесе сауу қондырғыларына бекітіліп, желінін бірсәтте залалсыздандыру жүргізіледі.

Соңғы сауыннан кейін босату алдында сиырлардың сүт бөлуін тоқтату үшін антибиотиктер мен тамырлардың тартылуын тудыратын субстанциялардан тұратын суспенция енгізеді. Олар сүт безінің ішіндегі ықтимал микрофлораны малдың денсаулығына ешбір зиян келтірмей жойып жібереді.

Залалсыздандыру, ең алдымен, барлық сау сиырларда бірмезетте ықтимал маститтің алдын алу үшін қажет. Екіншіден, аталған амал-айла сүттің бөлінуін (сүттің пайда болуы) өте қысқа мерзімде тоқтатады. Бұл процедураны 60 күнге дейін бір рет жүргізіледі. Әсер етудің арқасында пайда болатын тығын бұзаулаған соң ғана алынады.

Суалу кезеңі тек босату, дәруменмен қанықтыру ғана емес, сондай-ақ транзит – жануарлы бұзаулауға дайындау уақыты болып табылады. Бұзаулағанға дейін 60 күн бұрын босатылып, арнайы азықтандыру режиміне көшіріліп, клиникалық бақылау жүргізіледі, ал 20 күн бұрын – малдар транзит тобына ауыстырылып, ол жерде оларды бұзаулауға дайындайды.

Бауыржан ҚҰРМАНОВ,

ветеринария жөніндегі сарапшы

 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз