Сапалы мал басын сатып алумен іс бітпейді, жобаның кіріс әкелуіне қол жеткізу қажет. Бұған не әсер етеді? Әрине, малдың жақсы төлдеуі, мол салмақ қосуы! Ал бұл үшін шаруашылықты басқаруға білікті көзқарас қажет. Бейнефильмде бірінші кезекте назар аударарлық жайлар туралы толығырақ айтпақпыз.

Шаруашылықта мал күтуді ұтымды ұйымдастыру туралы кеңес

Бұзаулауды және төл алымын жоспарлаңыз

Шағын тауарлы шаруашылықтарда мал шағылысу маусымында шағылысу еркін жүретіндіктен төл алымы және төлдеу мерзімі аталық бұқаны таңдауға тікелей байланысты. Бұл арада беретін басты кеңесіміз – бұқаның құнына қарап ақша үнемдемеңіз. Өйткені бұқаның тұқымдық қасиеті оның төліне беріледі. Аталық бұқаның сыртқы тұрқына назар аударыңыз (бұл туралы мына және мына сілтемеде айтылады).

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Қазақстандағы бұзау алымы 100 сиырдан 75 бұзау болса, әлем елдерінде 100 сиырдан 95 бұзау алынады.

Бір жастағы және енесінен айырған кездегі бұзаудың ірілігі

Етті мал өсіруде бұзау енесінен 210 күн өткенде, яғни 6-7 айлықтан аспаған кезде айырылады.

Бұл жерде тағы да ҚР мен әлемдегі орташа статистикалық көрсеткіштерге көз салайық. Қазақстанда енесінен айырғандағы бұзаудың орташа салмағы 230-250 кг, ал әлем елдерінде 280 кг. Бұл деректер МІҚМ тұқымына қарай аздап өзгеше болуы мүмкін.

Қосымша салмақты молайту үшін бұзауларға арнайы жемазық орынын жасау керек.

МІҚМ жайылымда болғанда қалай күтілуі қажеттігі туралы мына сілтемеден оқыңыз.

Жануарларды сату

Етті мал өсірудің қазіргі жүйесі бойынша бір жасқа дейінгі төл оларды азықтандыруға және қысқы уақытта күтуге кететін шығындарды азайту үшін бордақылау орындарына өткізіледі.

1 жылдық төлді бордақылау алаңына өткізгенде:

(болжамдық есеп)

350-370 кг х 550-600 теңге = 192 000 – 222 000 теңге

+

субсидиялар

350-370 кг х 200 теңге = 70 000 – 74 000 теңге

Барлығы: 262 500 – 296 000 теңге

Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе, фермерлерді мал тұқымын таңдауға, оның тектілігіне, шаруашылықтың орналасқан жеріне және басқа жайларға біліктілікпен қарауға шақырамыз.

Оймен екшеленіп жасалған таңдау мал төлі сапасының кепілі.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз