МІҚМ сатып алудың үш жолы бар: дербес түрде, делдал/оператордың көмегімен және (Қазақстандағы өз аумағында тіркелген) оператор арқылы. Дербес жолдың тайғанағы көп, бірақ әрекет еткен адам кез келген асуды бағындырады. Сондықтан малды өз бетімен сатып алушыларға жол нұсқамақпыз.

ірі қара мал әкелудің үш жолы бар. Біріншісі, малды шет елден өз күшімен әкелу. Екіншісі, малды нарыққа қатысушы тәжірибесі бар кәсіби компания/жеке тұлға сіздің атыңыздан келісім бойынша (агенттік келісіммен) сыйақы негізінде жеткізе алады. Үшінші жол – қазақстандық тіркелген опрераторлар (мал әкелу тәжірибесі бар ірі бордақылау алаңдары мен асыл тұқымды төл көбейту шаруашылықтары арқылы әкелу. Олар шетелдік малды өздері әкеліп, фермерлерге дайын малды өз алаңшаларынан сатады.

Дербес жол

Малды дербес түрде сатып алу жолын қарастырайық. Айта кетейік, мұның агенттік келісім бойынша жұмыстан айрмашылығы жоқ. Әрі Сіз үшін бұл жұмысты түгелімен мал жеткізу тәжірибесі бар, Сіздің атыңыздан тапсырмаңызбен келісім жасасып сыйақы/комиссия үшін жұмыс істейтін компания атқарады.

РФ шаруашылықтарынан мал сатып алудың қысқаша реті:

  • Малмен жабдықтаушыны/сатушыны анықтау
  • Малмен жабдықтаушыны Кедендік Одақтың жабдықтаушылар тізілімінен тауып, тексеру

(Россельхознадзор немесе Кедендік Одақтың сайтындағы «Цербер» кәсіпорындар тізілімінен табуға болады, өнім түрі "тірі жануарлар")

  • Асыл тұқымды мал сатып алу кезінде ҚР мүйізді ірі қара мал палатасынан малдың тұқымдық куәлендірмесінің үлгісін және асыл тұқымды мал төлін көбейту шаруашылығының немесе кәсіпорынның мәртебесін тексеру қажет.

(Асыл тұқымдық куәлендірме үлгісін, асыл тұқымдық туралы куәлікті тану және малға асыл тұқымды мәртебесін беру реті туралы мына сілтемеден біліңіз)

  • Мал алынатын аймақтағы ветеринарлық ахуалды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Малдәрігерлік бақылау және қадағалау комитетінің (МБҚК) жүйесі бойынша тексеру.

(МБҚК жүйесі бойынша шет елден мүйізді ірі қара мал әкелу тәртібі туралы мәліметті мына және мына сілтемелерден табуға болады)

Осыдан соң мал әкелу туралы келісім жасасуға болады.

  • Бұдан кейін келісімді екінші дәрежелі банктің (ЕДБ) валюталық бақылау бөлімінде тіркеп, келісімшарттың жеке реттік санын алуға болады (төлем тек қана қолма-қол ақшасыз түрде жасалатын болғандықтан бұл үшін ресей рублінің есепшотын ашып, ақшаны айналдыру керек).
  • соң малды таңдау үшін экспорттаушы елге баруға болады. Таза тұқымды мал сатып аларда шаруашылыққа ҚР АШМде тіркелген бағалаушы маманмен бірге шығу керек. Ол малдың шынында да таза тұқымды екенін анықтай алады. Нәтижесінде таңдап алынған малға акт жасалып, бұл құжат сату-сатып алу туралы келісімшартқа қосылады.
  • Экспорттаушы елде жануарларды карантинге қою (мерзімі 21 күннен кем емес).
  • Осыдан кейін ғана келісімшарт бойынша қарастырылған алдын ала төлем жасалады (әдетте 20% көлемінде).

  • Бұдан басқа алдын ала төлем жасалғаннан кейін қосымша құн салығын (ҚҚС) салық төлеушінің кабинеті арқылы есепке алу әдісімен төлеуге мүмкіндік алу үшін ҚҚС есебіне тұру қажет. Олай болмаған жағдайда әкелінген мал үшін ҚҚС төлеуге тура келеді (келісімде көрсетілген құнның ҚР Халық Банкінің мал шекарадан өтен күнгі бағамымен алғанда 12%).

  • Сондай-ақ МБҚК жергілікті бөлімшелерінен малды елге кіргізуге рұқсат алып, мал тасымалданатын бағытты келісіп алу керек.
  • карантиннен ойдағыдай өткеннен кейін бұл туралы экспорттаушы елдің малдәрігерлік қызметі берген хатты алып, тасымалдаушымен келісім жасасып, көлікке тапсырыс беру қажет.
  • Малды жөнелту және өлшеу (бұған сатып алушының өзі тікелей қатысқаны жақсы) экспорттаушы елдің жерінде өткізіледі. Сондай-ақ малды тасымалдауды қадағалау (малды жолда азықтандыру) жұмысы ұйымдастырылуы керек.
  • Мал ҚР жеріндегі шаруашылыққа жеткізілген соң тағы да карантинге тұрады (мерзімі 21 күн)

                         1. Карантин жоспарын және карантинге қою жоспарын жасау (жергілікті малдәрігерлік қызметпен бірлесіп)

                          2. Қан алуды ұйымдастыру (қажетті сараптамалар үшін)

                          3. Сынама актілерін және малдәрігерлік зертхана қорытындыларын алу

                           4. Малды карантиннен шығару актісін алу

  • карантиннен ойдағыдай өткен соң ақпараттық-сараптамалық жүйе (АСЖ) (малдәрігерлік қызмет арқылы) және ауылшаруашылық малын таңбалау (АМТ) бойынша (дербес) тіркеу қажет.
  • Республикалық мүйізді ірі қара мал палатасы арқылы асыл тұқымды мал куәлендірмесін тануды рәсімдеу жұмысын аяқтау керек (егер әкелінген мал асыл тұқымды болса).
  • 328 және 320 үлгісі бойынша келесі айдың 20-на дейін салық мекемелеріне салық есебін беру қажет.
  • ЕДБ валютаны қадағалау бөлімінде келісімшартты жабу.

Сонымен, өз бетімен сырттан мал әкелгенде мына құжаттар болуы керек:

            1) сату-сатып алу келісімі,

            2) әкелінген малдың шекарадан өткені туралы белгі соғылған малдәрігерлік куәлендірмесі (мал басының жалпы саны, жынысы, таңбалық номері)

             3) шаруашылықта карантиннен өткені туралы құжат,

             4) малдың тұқымына сай тұқымдық куәлігі немесе бағалау актісі,

             5) тапсыру және қабылдап алу актісі,

              6) есеп фактурасы.

Төмендегі жағдайларда жануарларды сатып алу құны:

(жанама шығындарды есепке алғанда) 

                                      Фермердің дербес сатып алуы

Малдың өз құнынан басқа, сатып алушы жанама шығындарды да ескеруі тиіс.

!! Жанама шығындар:

  • малмен жабдықтаушыны/мал сатушыны іздеу
  • малды сол жерде таңдау
  • бағалаушының қызметі (таза тұқымды мал сатып алғанда)
  • асыл тұқымдылық куәлендірмесін ҚР Палаталарында тану (асыл тұқымды мал сатып алғанда)
  • экспорттаушы елде карантиннен өткізу
  • малды Қазақстан Республикасына тасымалдау
  • сақтандыру
  • Қазақстан Республикасында карантиннен өткізу
  • кедендік рәсімдеу және тағы басқалары.

Бұл шығындар фермердің өз (несиелік емес) қаржысынан төленеді. Аграрлық несиелеу корпорациясы (АНК)/Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры (АШҚҚҚ) бұл шығындарды мақсатты шығын ретінде қарастырмайды және оларды несие жаппайды.

               Келісім бойынша (агенттік келісім) комиссия төлемімен сатып алу

                                            (қазақстандық компаниямен/оператормен бірлесіп)

*Іс жүзінде компания/оператор сыйақы үшін Сіздің атыңыздан әрекет етеді.

сол жерде малды іздеп, таңдайды. Карантиннен өткізілген малды ҚР шаруашылығына жеткізуді DDP (Delivered Duty Paid – Жеткізу Құны Төленген) халықаралық шарты/стандарты бойынша халықаралық компанияға сеніп тапсырады. Халықаралық компания қажет болған жағдайда контрагенттермен шарт жасасып, шығындарды малдың құнына енгізеді де, өзі ақырғы сатушы ретінде әрекет етеді.

**DDP

Жүкті жеткізуге байланысты қатер мен шығындардың (салық, кеден бажы т.б.) бәрі, жүктің бүлінуі немесе жоғалуына байланысты барлық жауапкершілік, жүкті елге енгізудегі кеден бажы және басқа да төлемдер осы кезеңге дейін сатушыға жүктеледі. Сатушы сондай-ақ кедендік рәсімдеуге де жауапты. Келісімге сатушыны кейбір рәсімдеу төлемдерінен босататын шарт енгізілуі мүмкін. Мұндай жауапкершілікті бөлісу жеткізу түріне қарамастан барлық жағдайда қолданылуы мүмкін.

DDP туралы толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.

Бұл жағдайдағы жанама шығындар:

  • Малдыжеткізушіні/сатушыны іздеу
  • сол жерде малды таңдау
  • бағалаушының қызметі (таза тұқымды мал сатып алғанда)
  • асыл тұқымдылық куәлендірмесін ҚР Палаталарында тану (асыл тұқымды мал сатып алғанда)
  • экспорттаушы елде карантиннен өткізу
  • малды Қазақстан Республикасына тасымалдау
  • сақтандыру
  • Қазақстан Республикасында карантиннен өткізу
  • кедендік рәсімдеу т.б.

Малдың құны сату-сатып алу келісіміне енгізіледі.

Сонымен ұсақ фермер алыс шетелден мал әкеле алады. Ол жақтан мал тек үлкен көлемде (5 мың бастан бастап) жеткізіледі.

Фермер DDP шарты/стандарты бойынша халықаралық компаниямен дербес түрде келісім жасай алады

!! Халықаралық хұқықты немесе тілді білмеуден алдауға түсіп қалу (малдың тұқымы басқа болуы, қажетті тұқымдық сапаға, малдәрігерлік талапқа сай келмеуі, т.б.) қаупі бар.

ҚР операторынан сату-сатып алу келісімі бойынша алу

!! Бұл жағдайдағы жанама шығындар:

  • мал жеткізушіні іздеу
  • сол жерде малды таңдау
  • бағалаушының қызметі (таза тұқымды мал сатып алғанда)
  • асыл тұқымдылық куәлендірмесін ҚР Палаталарында тану (асыл тұқымды мал сатып алғанда)
  • экспорттаушы елде карантиннен өткізу
  • малды Қазақстан Республикасына тасымалдау
  • сақтандыру
  • Қазақстан Республикасында карантиннен өткізу
  • кедендік рәсімдеу т.б.

        және келісім бойынша

  •  шаруашылыққа дейін жеткізу

Сондай-ақ, малдың құны сату-сатып алу келісіміне кіреді

Сонымен ұсақ фермер алыс шет елден мал әкеле алады. Ол жақтан мал тек үлкен көлемде (5 мың бастан бастап) жеткізіледі.

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз