Шет елден мал қалай сатып алынады? Егер Сізге дербес түрде мал сатып алу қиын болса немесе бір себептермен мүмкін болмаса малды қазақстандық оператордан сатып алу жолын қарастыруға кеңес береміз. Мұндай мал шет елден әкелінген болып санала ма және оператордың қызметі қанша тұрады деген сауалға біздің бейнефильмнен жауап аласыз.

Аналық малды Қазақстанда тіркелген кәсіпорыннан (оператордан) сатып алу.

Әдетте қазақстандық операторлар деп мал әкелу тәжірибесі бар және ҚР АШМ талаптарына сай келетін ірі бордақылау алаңдары мен асыл тұқымды төл көбейту шаруашылықтарын айтамыз.

Олар қалай жұмыс істейді?

фермерлерден түскен өтінімдерді ірі тапсырысқа біріктіріп, шет елден мал әкелуді ұйымдастырады. Барлық рұқсаттық құжаттарды алу (импорт рұқсаты, жүру бағыты қағаздары және басқалар), келісімшарт жасасу (үлкен көлемде сатып алуға байланысты төмен бағамен), кедендік рәсімдеу, ҚҚС төлеу және барлық құжаттарды тиісінше рәсімдеу оператордың міндеті. Фермер дайын малды ол мал шет елден әкелінгені көрсетілген құжат бойынша сатып алады.

Оператор өз қызметі үшін ұсынылған 50 000 теңге көлемінде төленген қосымша құн салығын есептемей ақы алады.

Бұл сомаға малды 30 күндік карантин кезінде оператордың шаруашылығында ұстау, карантин кезінде сараптамалар жасау (1 басқа 7 – 9 мың теңге), рәсімдеу қызметі, карантин кезінде малдың өліп қалу қатері кіреді.

Фермерге мал әкелу рұқсатын рәсімдеудің, жүру бағытын көрсетудің және карантин ашудың қажеті жоқ!

2019 жылғы аналық МІҚМ жалпы саны және бағасы

(Ангус және Герефорд етті тұқымды мал):

РФ (операторлар) –400 - 600 мың теңге (салмағына қарай), малды оператордың алаңына жеткізу, импорттық ҚҚС төлеу, 30 күндік карантин, АМТ (ауыл шаруашылық малын таңбалау) шығындарын қоса есептегенде.

Оңтүстік Америка елдері: Бразилия, Аргентина, Уругвай, Чили (жылына 70 000 - 100 000 бас) – малды оператордың алаңына жеткізу, импорттық ҚҚС төлеу, 30 күндік карантин, АМТ (ауыл шаруашылық малын таңбалау) шығындарын қоса есептегенде 625 000 тенге.

РФ (Мираторг, (жылына 5 000 - 10 000 бас Ангус тұқымдас мал) – малды операторға жеткізу, ҚҚС және (келісім бойынша) оператордың қызметі қоса есптелгенде 120.000 Ресей рублі, барлығы шамамен 835 000 теңге.

Австралия (жылына 20 000 бас) – малды операторға жеткізу, ҚҚС және (келісім бойынша) оператордың қызметі қоса есптелгенде 2100-2200 АҚШ доллары, барлығы шамамен 950 000 теңге.

АҚШ және Канада малдың қымбаттылығына байланысты (2300-2500 АҚШ доллары) бұл елдер қарастырылмайды.

 ЕО елдері (1500-1600 евро) климаттық жағдайына қарай (1200 мм жауын-шашын) мал тұрқының және салмағының тым үлкен болуына, жемазықты көп қажетсінетініне, малдарының біздің елдің көптеген өңірлерінің жайылымдарына бейімделе алмайтынына байланысты бұл елдер қарастырылмайды.

Малды бұрын шет елден мал әкелген немесе осындай міндеттемелер алған отандық компаниялардан сатып алу. Мысалы, «Терра» ЖШС 2019 жылы АҚШтан 2000 бас Ангус тұқымдас мал әкелді. Фермерлер осындай көлемде осы тұқымдас, бірақ Қазақстанда туылған 2000 бас қашарлар сатып алуына болады. Бұл малға субсидия берілмейді, бірақ мұндай мал біздің жағдайға жақсы бейімделген және оны тікелей компанияның алаңында таңдап алуға болады, әрі бұл мал шет елден әкелінгеннен едәуір арзан.

Таза және асыл тұқымды малды отандық асыл тұқымды мал көбейту шаруашылықтарынан немесе тауарлы шыруашылықтардан алу. Етті мал шаруашылығы бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2018-2024 жылдарда шеттен әкелінген 1 млн бас мал 2027 жылға қарай 4 млн бас аналық малға дейін өсуі тиіс. Осыған сәйкес, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша фермерлер 3 млн бас малды Қазақстанның өз ішінде өткізуі керек. Мұндай малға да субсидия берілмейді, бірақ ол шет елден әкелінгеннен арзан болады.

 

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз