Етті мал шаруашылығы технологиясының маңызды элементі - бұзауды енелерінен суалту. Осы орайда алдыңғы қатарға қойылған міндеттердің бірі - сиырдың да, бұзаудың да стрессін мейлінше азайту. Бұны қалай істеу керек? Осы материалда баяндайтын боламыз.

Етті сиырда жыныстық рефлекстерді «басатын» аналық инстинкт мықты дамыған. Алайда сиырды ұрықтандырудың оңтайлы мерзімі - бұзаулағаннан кейінгі екінші-үшінші ай.

Бұзауды суалту, әдетте, төл 6-8 айға толғаннан кейін жүзеге асырылады.

Бұл сан кездейсоқ емес: егер бұзау туғаннан кейін 8 ай өтсе, онда жоғары ықтималдықпен енесінің құрсағында 6-7 айлық ұрық бар. Яғни бұл біздің аналық малға жаңадан төлдеуге дайындалу үшін уақыт қажет дегенді білдіреді.

Етті ірі қара мал шаруашылығында үрдістердің турлығы (жаппай сипаты, бір уақытта орындалуы) үлкен рөл атқарады. Бұзауларды суалтуды шағылыстыру немесе бұзаулау сияқты жүйелі жүргізу керек. Аймаққа және төлдеу маусымына байланысты бұндай турлар әдетте тамыз-қазан айларында, кейде қарашада кездеседі.

Стрессі аз

Жас жануарлардың стресстік жағдайын азайту үшін енесінен айыру, тексеру, салмақ өлшеу процедуралары тыныш қана, дайын жабдықпен өтуі керек.

Бұл процедурадағы негізгі шарт - бұзауды енесінен айыру және оларды фермаға қабылдау үшін тиісті түрде дайындалу. Қаша, қораның жабдықталуына назар аударған жөн, олар биіктігі мен ені жөнінен шоғырландырылған және нәрлі жем-шөпке ыңғайлы болу керек. Қара жемге арнап өзіне-өзі азықтандырғыш орнатып, оған еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Егер шара уақыты жылдың суық мезгіліне түссе, бұзауға арналған су жылы және аса қолжетімді болуы керек.

Топтық заң

Суалтудан кейін бұзауларды жыныстық-жастық және салмағы бойынша (0-ден 10-15 кг-ға дейін құбылуы керек) топтарда ұстайды.

Тәулік бойы қашада ұстаудан кейін малдың күн сайын уақытын көбейте беру арқылы жануарларды жайылымға жайып тұрған жөн. Осы кезеңде нақты рационға сәйкес толық азықтандыру қажет, төлдің тұрақты өсуін қамтамасыз ету, өнімділігін төмендетпеу өте маңызды.

Бастауыш фермерлер рационның жемі жаңа болуы керек екенін ескертпе ретінде есте сақтауы керек.

Көбінесе, алғашқы күндері бұзау аз тамақтанады, жем көбіне азықтану ыдыстарында қалып жатады және бұзылады (әсіресе нәрлі, шырындылары). Сондықтан, міндетті түрде ыдыстарын тазалап, жаңа жеммен толтыру керек.

Тексеріске дайындал!

Ветеринариялық шаралар жануарларды тексеру және ветеринариялық өңдеуді қамтиды. Сонымен қатар, өсу мен даму жағынан артта қалып жатқан жануарларды жеке топтарға топтастыру ұсынылады.

Жеке жануарларға жедел ветеринариялық көмек көрсету қажет болуы мүмкін. Ол уақтылы қамтамасыз етілуге тиіс.

Әнуарбек СЕЙІТМҰРАТОВ,

«МШжВҒИО» ЖШС мал шаруашылығы және ветеринария бөлімінің меңгерушісі

0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз