Еуразия экономикалық одағының сүт пен сүт өнімдеріне қойған техникалық талаптарына сәйкес, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап сүт-шикізаттың құрамындағы соматикалық жасушалар деңгейін бақылау мен мониторинг жасау күшіне енді. Осыған байланысты аталған талап бойынша жағдайды талдап, түсіндіру қажет.

Қабынудың белгісі                                                                                                                                                                                                                                                                                                Соматикалық жасушалар сүттің құрамына желінге сүт жиналу кезінде өтеді. Ол ағзаның, яғни, сиырдың өзіне тән жасуша. Олай болса, неге сүтке өтеді? Бәріңіз сиырдың желінін сырттай білесіздер, алайда синтезделген сүт пайда болатын эпителий тіні – көпіршікті сүт бездері тек желінді жарғанда ғана көзге анық көрінеді. Аталған жасушалар ісініп, сүт цистерналарына сұйықтық бөледі. Солайша сүт арналары арқылы цистернадан күніне екі-үш мәрте сауылып алынған сүт шикізатқа айналады.

Қалыпты жағдайда біраз көпіршіктер мен қанның кейбір жасушалары /лейкоциттер/ осы кезде сүттің құрамына өтеді, міне біздің соматикалық жасушалар деп отырғанымыз солар. Ал, бұл мал денесінің жасушасы болғандықтан, микроб /бактериялар, вирустар/ жасушаларымен салыстырғанда, соматикалық жасушалар саны ұлғаймайды. Сау жағдайда бір сиырдан алынған 1 мл сүтте жасушалар саны 170 мыңнан аспауға тиіс.

Сүттің құрамындағы соматикалық жасушалар саны көптеген факторларға: малдың тұқымына, жасына, емізу кезеңіне, бұзау санына және денсаулық жағдайына байланысты.

Сиырдың желіні қалай суықтайды, сол заматта-ақ оның сүтінде соматикалық жасушалар күрт өседі. Ауру тіпті әлі онша байқалмай тұрып, қабынудың ең алғашқы белгісін осы соматикалық жасушалардың саны арқылы анықтауға болады. Ең бірінші осы арқылы белгілері кейін білінетін, тіпті білінбеуі де мүмкін суб-клиникалық маститті анықтауға болады.

Себебі, малдың жағдайы нашарлаған кезде суб-клиникалық мастит клиникалыққа ұласуы мүмкін, сол кезде барып аурудың белгілері біліне бастайды. Ал аурудың бұлай асқынуы кезінде малды антибиотикпен емдеу курсынан өткенше ең кемі 10 күнге дағдылы қалпынан шығарады. Сәйкесінше, бұл кезеңде малдың сүті қашады. Ал, бұл өз кезегінде табыс жоқ дегенді білдіреді. Яғни, шаруаға шығын келтіреді деген сөз. Малдың сүт өнімділігінің азаюы маститтің пішіні мен асқыну деңгейіне байланысты.

Қауіп қай кезде күшейеді?

Сонымен, сүттің құрамындағы соматикалық жасушалардың қауіптілігі қандай? Сау соматикалық жасушалар сүттің құрамын айтарлықтай өзгерте қоймайды, ал қабыну процестері кезінде бөлінген жасушалар сүттің дәмі мен исін бүлдіреді. Ондай сүтті барлық кезде зауыттарда өңдеу мүмкін емес, себебі көбіне ол сүт өнімдерін өндірудің технологиялық тізбегін жаңылдырады. Өте асқынған жағдайда мұндай сүт стафилококк және т.б ауруды қоздыруы мүмкін. Ал бұл тұтынушылардың денсаулығына қауіпті.

Маститті сүтті қолданған жағдайда адам ағзасына аурутудырғыш микроағзалар жұғатыны бесенеден белгілі. Маститке шалдыққан сиыр сүті бактерия текті астан улану, асқазан-ішек жолдарының бұзылуын туғызып, ересектер, әсіресе балаларда стрептококк баспасына алып келуі мүмкін.

Сүттің құрамындағы соматикалық жасушаларды жүйелі түрде мониторинг пен скринингтен өткізіп тұру ең бірінші кезекте сауын мал табыны шаруашылығын нәтижелі ұйымдастырып, басқаруға жағдай жасайды, малды профилактикалық тексеруден өткізіп тұруға және ауру малды анықтауға мүмкіндік береді.

Табыннан сауылған немесе зауыттардың сүт қабылдағышына жиналған сүттің құрамындағы соматикалық жасушалар саны 1 мл сүтте 500 мың жасушадан аспауға тиіс

Сүт өңдеуші кәсіпорындар сүттің соматикалық жасушаларын тұрақты түрде тексеріп, соның негізінде сүтті /жоғарғы, бірінші, екінші, сұрыпқа жатпайтын деп/ сұрыптайтын болды. Сәйесінше, өндрушіден сатып алынатын сүттің бағасы да осыған байланысты. Соматикалық жасушаның ең биік көрсеткішінен бөлек тағы да жанама көрсеткіш бар, ол – соматикалық жасушаның тым төмен көрсеткіші. Мұндай көрсеткіш сүтке түрлі қоспалар қосылғандығын және пастеризацияланған және залалсыздандырылған деген сөз. Ондай жағдайда, яғни, қандай да бір көрсеткіш бойынша ауытқушылық байқағандықтан, шаруалар мен алыпсатарлар сүтті зауытқа қайтарып береді.Себебі ол жаңа сауылған деп берілген ескі сүт болуы әбден мүмкін.

Жылдам-тәсілдерге жүгіну

Қазіргі қолданыстағы техникалық регламентке сәйкес, Қазақстанда әзірге 1 мл сүт құрамында 750 мың жасушаға дейін рұқсат бар. (7,5*105кл/см3). Айта кету керек, осы уақытқа дейін сүт өндірушілердің өздерінде де сүт құрамындағы соматикалық жасушаларды тексеріп отыру маңызды деген түсінік әлі толық қалыптаспаған. Осыны дұрыс түсінбегендіктен көптеген шаруалар бұл сараптаманы кезекті бір жай сүт зауыттарын тексеру ғана деп, қабылдайды, ал мұның кесірі сүттің сұрпын төмендетуге, сол арқылы сүт-шикізаттың сатылымын азайтуға себеп болуы мүмкін.  Алайда осындай мөлшер енгізілген көптеген елдер сүт тауарлары фермасындағы шаруашылықтың жақсарғанын көрсеткен.

Бұл малды жеке-жеке саууды ұлғайтуға ықпал етіп, соған сәйкес шаруалардың табысын арттырады.

Жасуша санын қалай анықтауға болады? Бұл ретте жылдам-әдістер бар. Арнайы мамандандырылған талдағыштар соматикалық жасушаларды нақты әрі тез анықтауға мүмкіндік береді. Олар сүттің салыстырмалы жабысқақтығы, соматикалық жасушалардың боялуы және сол арқылы оларды санауға негізделген. Алайда таңдап алынған әдістің соматикалық жасушаны анықтаудағы нәтижелілігіне, сондай-ақ жүйелі түрде құрылғыларды сұрыптауға сергек мән беру керек, себебі өлшеу кезінде қателікке бой алдыру қаупі зор.

                                                                                                                               Гаухар ҚОНЫСБАЕВА,                                                                                                Ауылшаруашылық саласының сарапшысы

Tегтер
0 пікір

    Пікір қалдыру үшін, тіркелу қажет

    Ұсынатынымыз